«Өнер колледжі – музыкалық-эстетикалық бейімдегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат кешені» кітапханасының пайдалану ережелері
Оқушылардың, оқытушылар мен қызметкерлердің кітапхананы пайдалану құқығы бар.
Кітапхана қызметінің негізгі түрлері тегін.
Абонементте үйге кітаптар беріледі. Сонғы және бірден-бір данасы үйге берілмейді. Оқу залында үйге алу құқығынсыз кітапты пайдалануға болады.
Кітапханаға оқырмандар формулярын толтыру жолымен жазылады.
Жыл сайын кітапхана өз оқырмандарын қайта тіркеуден өткізгенде олардың қолындағы кітаптар сұралады.
Оқу орнынан кеткен оқырмандар алған кітаптарын кітапханаға қайтарады.
Оқырмандар кітаптар мен нота басылымдарын алғанда басылымдардың ақауын байқап қалса, дереу кітапханашығы хабарлайды, керісіншежағдайда басылымды соңғы болып пайдаланған оқырман жауап береді.
Пайдалану тәртібін бұзған немесе кітапханаға зиянын тигізген оқырмандар қазіргі заңңамада, кітапхананы пайдалану ережелерінде көзделген нышанда әкімшілік материалдық жауапкершілікке тартылады.
Жоғалтқанына немесе бүлдіріп алғанына жауапты оқырмандар нақ сондай басылымдармен немесе олардың көшірмесімен немесе кітапхана тең деп таныған басылымдармен алмастырады, ал оған мүмкіндік болмаса, екі ай мерзімнің ішінде нақты нарықтық құнын төлейді.
Абонементте кітаптар мынадай мерзімге береледі:
- оқу және әдістемелік әдебиет белгіленген мерзімде қайта тіркеумен тиісті пәнді оқып үйрену мерзіміне беріледі;
- көркем әдебиет 1-2 кітап көлемінде ең көбі 20 күнге беріледі;
- жоғары сұранысқа ие басылым, опера клавирлері журнал бойынша, әдебиеттер 7 күнге дейінге мерзіммен беріледі.
Ұзақ мерзімге алған басылымның әр данасы үшін оқырман формулярға қол қояды. Кітап қайтарылғанда қолы өшіріледі.
Топтық сабақтарда пайдаланатын әдебиет оны алған оқушының жауапкершілігімен журнал бойынша беріледі.
Оқушылардың құқықтары мен міндеттері
Оқырманның құқығы бар:
- Кітапхана қызметінің негізгі түрлерін ақысыз пайдалануға.
- Ақпарат көзін іздегінде және тындағанда кеңес алуға.
Оқырман міндетті:
- Кітап алғанда әр басылым үшін формулярға қол қоюға.
- Баспа туындылады мен кітапхана мүлкіне ұқыпты қарауға.
- Кітапханада алған басылымды уақытында қайтаруға.
Оқырманға рұқсат берілмейді:
Кітапхана оны пайдалану ережелеріне сәйкес қызмет көрсетеді
Кітапхананың құқықтары:
- Берілген кітаптың кітапханаға қайтарылуын ұдайы бақылайды.
- Жоғалған немесе бүлінген басылымдардың нақты нарықтық құнын оқырманнан өндіріп алу, ал көнбеген жағдайда ата-аналарның жұмыс орындарына хабарласып, он есе нақты нарықтық құнын төлеттіреді.