Жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу және денсаулық пен өмірлік дағдыларды қалыптастыру


«ҰСТАЗДЫҢ ЖҮРЕГІ» семинар-тренингі

«Ұстаздардың суицидтік қауіп-қатерлерді алдын алуындағы рөлі»

2025 жылы 12 ақпан «Жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу және денсаулық пен өмірлік дағдыларды қалыптастыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат» кешені» КММ психолог мұғалімдері Шерстобитова О.С. және Кәрімқызы М. педагогтарға арналған «Ұстаздың жүрегі. Суицидтік қауіп-қатерлерді алдын алуындағы педагогтардың рөлі» атты семинар-тренинг өткізді.

Қазіргі кезеңде еліміздің дамуы барысында қоғамдағы оң өзгерістермен қатар әлеуметтік мәселелердің шиеленісуі байқалады, олардың бірі – жастар арасында суицидтің көбеюі. Суицидтік мінез-құлық мәселесі соңғы уақытта тек ғылым үшін ғана емес, қоғамның жалпы мәселесіне айналып отыр.

Сондықтан осы семинар-тренингте оқушылар арасында дағдарыстар мен суицидтердің алдын алу бойынша алдын алу жұмыстың ерекшеліктері, жасөспірімдердегі суицидтік мінез-құлықтың ерекшеліктері, суицид белгілерін уақытында анықтау мақсатында педагогтардың жұмыс механизмдері қайта қаралды.

Семинар-тренинг негізінде ««Стражники судьбы» фильмінің талдауы құрылды, фильм «Bilim Foundation» қоғамдық қорының бастамасымен және «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауымен әзірленген. Фильмде бір отбасының мысалында жасөспірімнің өмірден кету процесі мен жоспары, сондай-ақ мұғалімнің жасөспірімге көмек көрсету жолындағы рөлі көрсетілген.

Семинарда фильмнің негізгі фрагменттері көрсетілді, әр фрагменттен кейін педагогтар әрбір сюжет бойынша талдау жасап, оқушылардың суицидке ұшырау қаупін анықтауда, қорғаушы факторлар мен жасөспірімнің болашақтағы суицид туралы ескерту белгілерін белгілеуде тәжірибелік түрде жұмыс істей алды. Сонымен қатар, педагогтардың суицидтің алдын алу бойынша жұмыс механизмдері анықталды. Семинар соңында педагогтармен рефлексия ретінде сауалнама жүргізіліп, онда педагогтар осы мәселенің өзектілігін көрсетіп, семинар-тренинг туралы оң пікірлер мен тілектерін білдірді.




Текст
Виртуальная приемная