ДБМ талапкерге

«Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі-өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат» Кешені» КММ

2026–2027 оқу жылына талапкерлерді қабылдайды

Негізгі орта білім (9-сынып негізінде) Оқу мерзімі:3 жыл 10 ай

«Хореографиялық өнер» мамандығы бойынша – 2 жыл 10 ай

Оқыту тілдері: қазақ, орыс

Мемлекеттік үлгідегі диплом

Мемлекеттік стипендия төленеді

«Фортепиано» мамандығы

Біліктілігі: «Балалар музыка мектебінің оқытушысы, концертмейстер»

«Үрмелі және ұрмалы аспаптар» мамандығы

Біліктілігі: «Балалар музыка мектебінің оқытушысы, оркестр/ансамбль артисі (жетекшісі)»

«Ішекті аспаптар» мамандығы

Біліктілігі: «Балалар музыка мектебінің оқытушысы, оркестр/ансамбль артисі (жетекшісі)»

«Қазақ және орыс халық аспаптары» мамандығы

Біліктілігі: «Балалар музыка мектебінің оқытушысы, халық аспаптар оркестрінің артисі (жетекшісі)»

«Хорға дирижерлік ету » мамандығы

Біліктілігі: «Оқытушы, хормейстер»

«Музыка теориясы» мамандығы

Біліктілігі: «Балалар музыка мектебінің оқытушысы»

«Ән айту» (академиялық, эстрадалық, домбырамен ән айту)мамандығы

Біліктілігі: «Академиялық (эстрадалық, дәстүрлі халық) ән айту артисі, ансамбль солисі»

«Хореографиялық өнер»мамандығы

Біліктілігі: «Би ансамблінің артисі»

«Актерлік өнер»мамандығы (2026-2027 оқу жылы оқыту қазақ тілінде)

Біліктілігі: «Драмалық театр артисі»

«Кескіндеме, мүсін және графика» мамандығы

Біліктілігі: «Суретші»

«Дизайн»мамандығы

Біліктілігі: «Интерьер дизайны»

Қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылады (мамандық бойынша 2 шығармашылық емтихан).

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 25 маусым – 20 шілде.

Шығармашылық емтихандар өткізу мерзімі: 21 – 28 шілде.

Біздің мекенжайымыз: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., Интернационал көшесі, 81 Телефон: 33-57-01

Komplekssko.edu.kz

Қажетті құжаттар:

  1. Құжаттарды қабылдау туралы өтініш (құжаттарды тапсыру кезінде қалыптастырылады)
  2. Білім туралы құжаттың түпнұсқасы;
    (+ бар болған жағдайда балалар музыка мектебін (ДМШ), студияларды және т.б. аяқтағаны туралы куәлік)
  3. 3х4 см өлшеміндегі цифрлық фото және 4 дана қағаз түріндегі фото
  4. № 075-У нысанындағы медициналық анықтама,
    I немесе II топтағы мүгедектігі бар тұлғалар және бала кезінен мүгедектігі бар тұлғалар үшін № 031-У нысанындағы медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы
  5. Арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, әскери қызметшілер, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде жарақат алу (жаралану, контузия) салдарынан қаза болған (қайтыс болған) немесе мүгедектігі белгіленген медицина қызметкерлерінің балаларының мәртебесін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі (оның ішінде асырап алынған, өгей ұл-қыздар)
  6. Жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат

Қызмет алушылар – шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы белгісі бар өз мәртебесін айқындайтын құжатты ұсынады:

  1. шетелдік – Қазақстан Республикасындағы шетелдіктің тұруға ықтиярхаты;
  2. азаматтығы жоқ адам – азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
  3. босқын – босқын куәлігі;
  4. пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
  5. қандас – қандас куәлігі.

«Хореографиялық өнер» мамандығына түсуші тұлғалар 112 немесе 26 нысанындағы медициналық құжаттарды ұсынады және Колледждің медицина қызметкерінің медициналық тексеруінен өтеді.

10 файлдан тұратын папка (жеке істі қалыптастыру үшін)

Ата-аналарға (заңды өкілдерге) өзімен бірге жеке куәлігі және құжаттардың электрондық нұсқасына қол қою үшін ЭЦҚ кілті болуы қажет.




"

Буклет_ДБМ



Текст
Виртуальная приемная