Кітапхана

Кітап – рухани сарқылмас қазына. Кітап деген де, әр адамның түсінігі әр түрлі. Мәселен біреулер ермек үшін оқыса, біреулер адам өміріңдегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы деп түсінеді. Білімнің қайнар бұлағы – кітап деп бекер айтпаған. Сондықтан да мұны адамзаттың баға жетпес құндылығы деп білеміз. Кітап оқымай өмірді білу, білім алу мүмкін емес шығар. Қазіргі уақытта бүлдіршіндерге, студенттерге, жасөспірімдерге кітап оқуға толық мүмкіншілігі бар.

Яғни электронды кітапхананы айта аламыз. Қазіргі жағдайда керек ақпарат табу үшін, аудио, видео,ғаламтор секілді жеңіл жолдар табылып тұрғанда кітап оқуға деген құштарлық азайып кетті. Бала ерте жастан кітаппен дос болса, болашақта ол көзі ашық, көкірегі ояу адам болып қалыптасады. Кітап оқу – миға жасалған жаттығу. Мысалы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы өз білімін өз бетімен ізденуінің кітапты көп оқуының арқасында бірнеше тілді меңгерді. Ал М. Горький болса мен өз бойымдағы барлық жақсылығым үшін кітапқа борыштармын деген. Ломоносов та жас шағында оқуға шамасы келмей, әбден есейген кезде оқыған. Сол секілді кітап оқудың еш, кеші жоқ. Қай заманда болмасын, адамзат алдында тұрған ұлы мұрат – міндеттердің ең бастысы – салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Жас ұрпақтың талабын қанағаттандыру, рухани байлығын, жалпы ой-өрісін дамытуда талап талғамын қалыптастыруда ең үлкен де ұлы тәрбие құралы – кітап.

Ал адамның ойын байытып, сауатын жоғарылатып, білім нәрімен сусындатар орта – кітапхана. Әдебиет арқылы әлемдегі мемлекеттер бір-бірімен рухани байланыс жасауда. Бірақ бүгінгі компьютендірілген, қарқынды дамыған техника заманы өз қызығын ұсынуда. Өркениетті елдерде кітап оқуға деген ынта-ықыласты арттырудың түрлі амалдары жасалуда.

Кітап оқудың пайдасы:

  1. Кітап оқу – қоршаған ортаны, дүниені және өзін-өзі тануға көмектеседі; оны оқу арқылы өткен тарихынды, болашағынды біле аласың.
  2. Кітап оқу – есте сақтау қабілетін және логикалық ойлауды дамытады. Яғни, көп оқыған адамның жады мықты, тез ойлап, тез қорыта алады. Оқығаныңды іштей талдасаң, адам психологиясын жетік түсіне бастайсың.
    Көңіл-күйің болмаса да кітап оқу бір сәт жабырқаудан арылтады, тіпті уақытша болса да уайымыңды басады.
  3. Кітап оқу – талдауға, сараптауға, өзіндік пікір қалыптастыруға үйретеді; ми үшін кітап оқу – бұл да денеге жасалған физикалық жаттығу секілді.
  4. Кітап оқу – табыс пен жетістіктің ең басты негізі;арнайы кітаптарды оқу арқылы мақсатыңа жетуге болады.
  5. Кітап оқу – адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіп, әдемі сөйлеу дағдыларын қалыптастырады; адамның сөздік қоры көбейе түседі.
  6. Кітап оқу – сөздік қорды байытады және жалпы сауаттылық деңгейін арттырады; оған сөз жоқ өз тәжірибеңде көз жеткізуге болады. Мысалы бір классиктің шығармасын оқысаң-ақ болды, бұрын екі сөздің басын құрамайтын адам, өз ойын жеткізе алатындай дәрежеге жететініне күмән жоқ.
  7. Кітап оқу – адам бойындағы шығармашылық қабілеттер мен қиялын дамытады. Кітапты кинодан артық десек, ең алдымен шексіз қиялдың сансыз бояулары ойға оралады.
  8. Кітап оқудың тағы бір пайдасы адам ағзасының қартаймауына септігі бар екенін оқымыстылар дәлелдеуде.



Текст
Виртуальная приемная