Оқушыларға көмек


«Оқушыларға көмекке - Интернет ресурстар» wеб-шолуы

Аудандық балалар кітапханасы « Оқушыларға көмекке - Интернет ресурстар" атты пайдалы сайттар туралы web – шолу тізімін жариялайды.

Бұл шолу қазақ тілін үйренемін және сөз байлығын дамытамын дегендер үшін мектеп бағдарламасына көмек ретіндегі ақпаратқа қол жеткізеді, сөздіктер арқылы дұрыс жазуды үйрену мүмкіндігін береді.


Тегін сайттар көмеке мектеп бағдарламалар.

https://bilimland.kz/kk -мектеп бағдарламасына арналған ең бай интерактивті сабақтар жинағы.Сабақтар қазақ,орыс және ағылышын тілінде қолжетімді.

https://twig-bilim.kz/kz - мектеп бағдарламасының негізгі пәндері бойынша қосымша материалдарды қамтыған. 1000-нан астам танымдық қызықты фильмдер оқушыларға қолжетімді.

https://erketai.kz/bastap-y-bet/ - «Еркетай» сайтында ең алдымен балалар мен ата-аналарға және балабақша тәрбиешілері мен бастауыш сынып ұстаздарына керекті мақалалар берілген. Сайтта мақалалар қазақ және орыс тілдерінде жарияланады. «Еркетай» сайтында сіздер ана мен бала денсаулығына қатысты әр түрлі керекті ақпараттар таба аласыздар.

https://e-history.kz/kz# -Мұнда бұрыңғы ғасырлардан келе жатқан аңыздар, хандар туралы, хронология, жазбаларорналасқан. Бәріне қол жетімді - оқушыларға, студентерге, ата-аналарға және бәріне.

https://kitap.kz Кітаптар сайты – бұнда оқырман өзінің сүйікті ақын-жазушысының кітабын: аудиокітап, видеокітап арқылы өзіне ыңғайлы түрінде оқи алады: Бұл сайт оқушыларға,ата-аналарға,суденттерге тиімді.

http://balalaralemi.kz/ - сайттағы мәліметтер балаларға арналған. Мұнда қызықты ақпараттар ала аласыздар: мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, мульфилимдер, энциклопедиялар және т.б. жүктелген.

http://balatili.kz/ «balatili.kz» сайты қазақ тілін оқып, дамытқысы келетін үш жастан асқан балаларға, сонымен қатар бала тәрбиесі мен оқытуды жүзеге асырушы тәрбиешілер мен мұғалімдерге, ата- аналарға арналады. Сайт интуитивті іздеу жүйесі мен ыңғайлы навигация жүйесі бар онлайн платформа негізінде жұмыс істейді.




Текст
Виртуальная приемная