Ермека Серкебаев атындағы облыстық жас вокалистер конкурсы

Ермек Серкебаев атындағы Облыстық жас вокалистер байқауының Ережесі

2023 жыл

ЖҮКТЕП АЛУ

НЕГІЗГІ АҚПАРАТ

ӨТКІЗУ ОРНЫ: Петропавл қаласы, Интернациональная көшесі 81. «Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі - өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат кешені» КММ.

ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ: 02.11.2023 ж.

БАЙҚАУДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ: «Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі-өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат кешені» КММ.

БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ:

  • Қатысушылардың мәдени дамуына қолайлы жағдай жасау.
  • Мәдени әлеуетті сақтау және дамыту, жас дарындарды мәдениет пен өнердің озық үлгілерімен таныстыру.
  • Шығармашылық қабілеттердің өсуіне және тұлғаның үйлесімді дамуына ықпал ету.
  • Қазақстан Республикасының көпұлтты мәдениетінің дәстүрлерін сақтау және дамыту.
  • Отан тарихына, мәдениетіне, өнеріне қызығушылықтарын дамыту.

БАЙҚАУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

  • Дарынды балаларды анықтау және қолдау.
  • Балалар мен жастардың бос уақытын ұйымдастыруды жетілдіру.
  • Өскелең ұрпаққа адамгершілік-патриоттық және эстетикалық тәрбие беру.

ЖЮРИ:

  • қазылар алқасы сайысқа қатысушыларды 10 балдық жүйе бойынша бағалайды;
  • шешімдер түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды!

БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ:

  • орындаушылық шеберлік, музыкалық материалды таңдау және сәйкестік;
  • әртістілік;
  • сахналық мәдениеті;
  • интонацияның тазалығы;
  • тембр сұлулығы мен дауыс күші;
  • шығармашылық даралық;
  • түпнұсқалық.

БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫЛАР: Жалпы білім беретін мектептердің 5-9 сынып оқушылары, балалар музыка мектептерінің, өнер мектептері мен студияларының оқушылары. Жас санаттары: орта топ – 10-13 жас, үлкен топ – 14-16 жас.

БАЙҚАУДЫҢ НОМИНАЦИЯЛАРЫ:

  1. Домбрамен ән айту;
  2. Академиялық ән айту;
  3. Эстрадалық ән айту.

ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ:

  1. Әр қатысушы 2-5 минутқа дейінгі әртүрлі жанрдағы екі шығарманы ұсынуы керек.
  2. Конкурстық қойылымдарда «+» фонограммаларды пайдалануға тыйым салынады.
  3. Байқау лауреаттарын дайындаған оқытушылар мен концертмейстерлер алғыс хаттармен марапатталады.
  4. Жіберуші тарап қатысушыларды ілеспе оқытушыға немесе концертмейстерге жауапкершілік жүктей отырып, өз есебінен жібереді.
  5. Байқауды ұйымдастыру комитеті басқа қалалық қатысушыларды кезекші концертмейстермен қамтамасыз етпейді.
  6. Өтінімдер (мемлекеттік немесе орыс тілдерінде) және фонограммалар 2023 жылдың 23 қазанына дейін vokall@list.ru электронды поштасына жіберіледі.

МАРАПАТТАУ:

  • Қойылым жанрлары мен номинациялар бойынша марапаттар жас топтары бойынша бөлінеді.
  • Қатысушылар Гран-при, I, II, III дәрежелі лауреаттардың дипломдарымен марапатталады.

ӘДІЛҚАЗЫЛАР:

• қазылар алқасы сайысқа қатысушыларды 10 баллдық жүйе бойынша бағалайды, қорытынды нәтиже – алынған орташа ұпай санының қосындысы;

• шешімдер түпкілікті болып табылады және қайта қаралуға жатпайды;

• қазылар алқасының құрамы «Ермек Серкебаев атындағы өнер колледжі - өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат» Кешені КММ

оқытушылары мен Ақан сері атындағы Облыстық филармониядан шақырылған солистері арасынан қалыптасады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Әрбір фонограмма толық жазылуы қажет: қатысушының тегі мен аты, әннің аты.

Мысалы: Катя Иванова - Күн шеңбері

ТОЛЫҚ ЖАЗЫЛМАҒАН фонограммалар ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ!!!

Анықтама үшін телефон : 87053206497

ӨТІНІМ ҮЛГІСІ

Қатысушының аты жөні

Қатысушының туған күні, айы, жылы

Жас ерекшілік санаты

Номинация

Байқау бағдарламасы (әндердің орындалу ретін, композиторын, шығарманың атауын, орындалу уақытын ескере отырып толтыру)

1.

2.

Оқытушының және концертмейстердің АТЫ-ЖӨНІ (болған жағдайда)

Қатысушының ұялы телефоны мен электронды поштасы

Педагогтің ұялы телефоны мен электронды поштасы

Қатысушыны білдіретін, мекеменің атауы

Мекеменің байланыс деректері (пошталық мекен-жайын, телефон нөмірін, электрондық поштасын көрсетіңіз)



Текст
Виртуальная приемная