Дәстүрлі «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы оқырмандар арасында кеңінен танымал. Жоба әдебиетіміздің қазыналы туындыларын насихаттау, оқу мәдениетін қолдау және дамыту, жастарды рухани және патриоттық тәрбиеге баулуға бағытталған.
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен ұйымдастырылып келе жатқан акция биыл 15-ші рет өткізілуде.
Жыл кітабы болып таңдалған кітаптар республикалық, облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық және мектеп кітапханаларында кеңінен насихатталатын болады.
Биылғы жылы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылып отыр.
Проза
1. Тынымбай Нұрмағамбетов «Періштелердің өлімі»
2. Тобық Жармағамбетов «Отамалы»
3. Сәуле Досжан «Қасірет пен тағдыр»
4. Юрий Серебрянский «Дәмді де пайдалы қазақстандық әдебиет»
5. Дәурен Қуат «Бөрісоқпақ»
6. Тұрысбек Сәукетай «Желқайық»
Драматургия
1. Рахымжан Отарбаев «Айна ғұмыр» пьесалар жинағы
2. Дулат Исабеков «Жеті желкен» пьесалар жинағы
3. Мәдина Омарова «Көмбе нанның дәмі»
4. Иран-Ғайып «Қорқыттың көрі» пьесалар жинағы
5. Думан Рамазан «Пешене» пьесалар жинағы
6. Сая Қасымбек «Жанталас»
Балалар әдебиеті
1. Ыбырай Алтынсарин «Өнер-білім бар жұрттар»
2. Бердібек Соқпақбаев «Жекпе-жек»
3. Марат Қабанбаев «Жиһангез Тити»
4. Толымбек Әбдірайым «Алабұға аулаған күн»
5. Зира Наурызбаева, Лиля Калаус «Алтын тостағанды іздеу»
6. Мәди Айымбетов «Бар болғаны он төрт жас»
Аударма
1. Юсупов Кеңес, Габриель Гарсиа Маркес «Жүз жылдық жалғыздық»
2. Әдетов Бекболат, Эрих Мария Ремарк «Аманат өмір»
3. Ахметов Әділ, Агата Кристи «Ғайып болған миллион»
4. Меллат Төлеген, Халид Хусейн «Жарқыраған мың күн»
5. Мәзен Динара, Ж.К. Роулинг «Хәрри Поттер мен жасырын бөлме»
6. Құрметұлы Амангелді, Орхан Памук «Менің атым – Қырмызы»
«Бір ел-бір кітап-2020» республикалық акциясы
Құрметтіоқырман!
Жыл сайынғы дәстүр бойынша «Бір ел–бір кітап» республикалық акциясының ұйымдастыру комитеті 2020 жылғы кезекті жыл кітабын таңдау нәтижесі бойынша Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы мен Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» романын жыл бойы оқуға ұсынып отыр.
«Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына» деген екен түркі жұртының ұлы ақыны, ойшылы Әлішер Науаи.
Расында қай ғасырда да кітаптың алатын орны бөлек. Кітап кемелденуге көмектеседі. Қаншама технологиялар шығып жатса да бұлардың бәрі кітапты алмастыра алмасы анық.
ХХІ ғасыр – мәдениеттің, білім мен ғылымның ғасыры. Адам өмір сүріп отырған қоғамның ықылым заманнан келіп жеткен қазыналары мен кереметтерін кітапханадан, кітаптан табады. Кітапты ғылым, білімнің адамзат ақыл-ойының жиынтығы сақталған қазыналы сандық десек болады. Сол сандықтағы байлықты қалай алуға болады? Кітап әлеміне оқырманды қалай енгізуге болады? Оның бірден- бір жолы - «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы.
Акцияның мақсаты – жастарды патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеуге, ана тілге мұқият қарауға, оқу мәдениетін қолдау мен дамытуға, сауаттылық бағдарламасын арттыруға, рухани мұраны сақтауға және оқуға жәрдемдесу болып табылады.
Тарихымыз бен әдет-ғұрып, салт-дәстүрімізді ұштастырабілгеншоқтығыбиікшығармалардыңбірі–«Абайжолы»романы. ҚазақтыңұлыжазушысыМұхтарӘуезовөзініңосыэпопеясыарқылыХХғасырдағықазақәдебиетінеүлкенжаңалықәкелді.
Камерун жазушысы: «Мен бұрын қазақтар туралы естімегенмін, енді оларды өте жақсы білемін. Себебі, Мұхтар Әуезовтың кітабын оқыдым, қазақтың ұлы ақыны Абаймен таныстым. Шығарманы оқи отырып, Абаймен бірге өмір сүріп, қазақ даласының ауасымен тыныстағандай күй кештім» деп өз таңданысын білдірген болатын. Әлем оқырмандарының өте үлкен қызығушылығын тудырған роман қазірде 116 тілге аударылып шықты.«Абай жолы» - ғасырлық туынды. Төрт томды эпопеялық көлемді роман қазақ қоғамының ғасырлық, әлеуметтік, тұрмыстық, отбасылық ғұмырын мейлінше дәл, айқын бейнелейді.
МұхтарӘуезов
МұхтарӘуезов Абайдың жеке басына түскен қиындықтан, жеке бас трагедиясынан халық трагедиясын көре білді. Данышпан Абайдың бала, жас Абайдан хәкім, дана Абайға дейінгі өмір кезеңін қамтитын бұл шығарманың қазақ әдебиетінде алар маңызы зор. «Абай жолында» қазақ қоғамының алуан түрлі топтары кең қамтылып, сан қырлы көрініс тапқан. Сонымен қатар романда қазақ халқының тұрмысы, діні, жалпы дәстүрлері: жаз жайлауға көшу, аза тұту, ас беру, жұт, болыс сайлау, дауға билік айту, аң аулау мен табиғи көріністері көркем айшықталған. «Абай жолы» - жай ғана тарих емес, көркемдік ойдың көрігінен өткен, бүкпесіз бейнеленген өмір шындығы, халықтың тағдыры, өткені мен келешегі жайында терең толғаныс. Абай – тұтас бір тарихтың дүниеге келуіне себепкер болған тұлға. Жастайынан көңілді баурап алатын көне жыр, ескі әңгіме, аталы сөзді жадына тоқып өскен бала Абай өте зерек алғырлығымен ерекшеленеді. Үш жасында-ақ үлкен адамша сөз сөйлеуі оның қоғамнан ерек, заманынан озық туғанына дәлел. Мұхтар Әуезов Абайды әрі ақын, әрі қайраткер, әрі ойшыл ретінде, қай қырынан болсын ұрпаққа үлгі бейнесін оқырманға жақын бейнеледі.
Абай жайында роман жазу жолында жазушыға кездескен кедергілер мен қиындықтар аз емес. Ең алдымен материал тауып, жинаудың өзі қияметтей қиындық келтірді. Сондықтан да жазушы өшіп қалған күл арасынан болар-болмас шоқ тауып, оны өз демімен үрлеп, жылытып, от тұтатқан жүргінші жолаушыдай сезінгені мәлім. «Абай жолы» романы - жазушының өмір-дәптері. Романның алғашқы кітабында балалық шақтан бастап, азамат болып қалыптасқан Абай бейнесі көрінеді.
Абай - эпопеяның жаны мен жүрегі. Абай бейнесі Әуезов қиялында, оның қалам ұстаған, күнінен бастап өрбіген. Әуезовтың өзі Абайға, Абай өзіне айналып кеткенше бұл бейнені қағаз бетіне түсірмей тек іштей пісіре берген.
Әуезов романның бірінші кітабын 1942 жылы, екінші кітабын 1947 жылы жазып бітірді. 1949 жылы бұл роман социалистік реализм әдебиетінің кесек, құнды шығармаларының бірі ретінде бірінші дәрежелі мемлекет сыйлығымен марапатталды. 1959 жылы төрт томдық эпопея жарық көргеннен кейін Лениндік сыйлықтың лауреаты атанды.
Әуезовтың творчествалық өмірі - халыққа, отанға қызмет етудің айқын үлгісі болды. Ол өзінің ортасында қалдырған көп томдық мұрасы арқылы қазақ жазушыларының бір емес әлденеше буынына шеберлік шыңындай жөн сілтейтін, шың мәнінде ұстаздық ету құқына ие болған аса көрнекті жазушы.
Жетпіс жылдан асса да өз маңыздылығын жоғалтпаған «Абай жолы» сынды әдеби байлықтарымыздың өз бағасын жоғалтпай, қазіргі уақытқа дейін сақталғаны және еліміздің болашағы болып табылатын жастарымызды ұлтжандылыққа баулитын осындай тәрбиелік мәні зор жобалардың жиі ұйымдастырылып тұруы нұр үстіне нұр болары сөзсіз.
М. Әуезовтың айтуынша, Абайдың рухани кемелденуіне ықпал жасаған арна-үшеу: «Ұлттық және бүкіл адамзаттық мәдениеттің үш түрлі мол арнасы данышпан ақынның шығармашылық ісіне рухани азық болды. Абайдың бүкіл ой-қиялына, әлеуметтік, ақындық ісіне дем беріп, шапағатын төккен арнаның бірі - халықтың өзі жасаған, ауыздан ауызға тараған, баспа жүзінде сақталып келген қазақтың бағзы замандағы халық мәдениеттінің бай мұрасы..., ақындығына рухани дем беріп, азық болған екінші арна - Шығыс мәдениетінің тамаша мұрасы, үшінші арна - орыс мәдениеті, Еуропа мәдениеті».
«Қары көп қалың қыстың артынан көгі қалың, көлі мол жаз келеді», - дейді Абай. Халыққа деген сатқындық оның болшағына сенбеуден басталады. Ал Абай сенді. Сондықтан ол орыс өнеріне еліктеді. Семейге жер аударылып келген шын жанашыр достармен жүздесті. Талай кеш жан-жақтын хабарына құлақтанатын, орыс классиктерінің жазбаша мұраларын сарапқа салатын қилы әңгіме кешіне айналатын. Асылы, Абай ақындығының арғы тамыры өзінің туған топырағында, төл әдебиетте, халық өнерінде, өзін сәби кезінен қиял-ғажайып ертегілермен әлдилеген Зере әжеде, мұңшыл жырау - Барласта, шыншыл жыршы - Шөжеде жатса, бергі бұтағы мен жасыл жапырағы орыс әдебиетінде - Михайлов, Павлов секілді орыс достары арқылы қолы жеткен Пушкинде, Лермонтовта жатыр. Абай әдейі қала кітапханасының кітаптары үшін Семейде қысқы айларда ұзақ жатып, іздене бастайды.
Ал кейінен орыс тілін жақсы меңгеріп, ғылым әлеміне өз бетімен бағыт алған Абай озық ойлы Шығыс дүниетанымын Батыстың өркеңдеген жаңа жетістіктерімен сабақтастыра отырып тапты.
Шығармашылық жолында ұлы көреген Мұхтар Әуезовтің өзінен ақ бата алған қаламгер артында өзінің дара қолтаңбасын қалдырып кетті. Ол халқымыздың несібесіне, игілігіне айналды.
ӘнуарӘлімжанов
ӘнуарӘлімжановтың өмір жолы - күрес жолы. Ол ешкімге бас ұрмай, тек әділдікке, ақиқатқа табынып өтті. Оның жазушылық, азаматтық позициясы да осы принциптерден өріліп шықты. Ол тек қаламгер ғана емес, саяси қайраткер болды.
«Ұстаздың оралуы» романында Ә.Әлімжанов сонау X ғасырда өмір кешкен кемеңгер жерлес ғалымымыз, кезінде «Шығыстың екінші ұстазы» атанған Әбунасыр әл-Фарабидің ғибратты өмірін сөз етеді. Адамдықтың, жақсылықтың мәңгілік жауы - надандық тұманын сейілту үшін, жамағатшылыққа ең адал, таза даму, көркею жолын іздеп, ақиқатпен, біліммен қаруландыру үшін өмір бойы еңбектенген, өз басының тыныштығы мен бақытын осы мақсатта құрбан еткен, ғажайып ғалым әл-Фарабидің өшпес өнегесін айту әрі ауыр, әрі құрметті міндет еді. Бір халықтың емес, барша халықтың алдына білім шырағын жаққан, артына таусылмас мол рухани байлық қалдырған әл-Фарабидің жарқын тұлғасы романда үлгі аларлық болып шыққан. «Ұстаздың оралуы» романанда керемет бір идея бар. Ол - әл Фарабидің араб жұртына тек үйрену үшін емес, түркі әлемін, қыпшақ өркениетін таныту үшін жол тартқаны.
«Ұстаздың оралуы» өзінің тақырыбы, жанры және идеялық көркемдік шешімдері жағынан бүкіл кеңес әдебиетіндегі салдарлы туындылар легіне қосылады. Қазақ елінің өткендегі тағдыры, шытырман жолы, қуаныштары мен өкініштері басты тақырыпқа айналған. Туған елдің өткендегі бұралаң жолдарын бүкіл аумағымен алып көрсету, ол кұбылыстарды әлемдік даму зандылықтары мұнарасынан қарап бағалау қаламгерге мол творчестволық еркіндік, шабытына ұшқыр қанат, мақсатына мәнділік берген. Мұның бәрі оның қазақ әдебиетінде ешкімге ұқсамайтын, өзіне ғана тән дара да сара соқпақ табуына, әрбір шығармасында отандастар ойын нәрлендірерлік тың шешім іздеуіне жәрдемдеседі.
Ә.Әлімжановтың коғамдық қызметі де жазушылық тәжірибесімен сабақтас. Жүрегі қазағым, шығыс мәдениеті деп соққан қаламгердің ұлы бабамыз Әбунасыр әл-Фарабиді қазақ топырағына алып келуге осылайша нақты үлес қосқандардың алдыңғы легінде жүргенін қазіргі жұрт, неге екенін білмеймін, ұмыта бастады.
«Әлі талай жылдар өтер. Жаңа ұрпақ келер. Сонда олар халқымыздың рухани қазынасына кімнің қандай үлес қосқанын таразыға салып, бағалайтын болады. Сонда олар біздің заманымыз туралы ғана емес, ғылым мен мәдениеттің қарыштап алға басуына ақыл-ой жұмсаған дана адамдар жайлы тебірене айтатын болады.
Өмірлері ерлік болған қасиетті есімдердің арасында Мұхтар ағаның да есімі жарқырап көрінетіні анық». Бұл қазақтың біртуар ұлы Әнуар Әлімжановтың Мұхтар Әуезов туралы айтқаны еді. Бүгінгі ұрпақтың «сол қасиетті есімдердің» арасына өзін де қосатынын білді ме екен?! Мұхтар Әуезов та да көзі тірісінде: «Мен үшін басын балтаның астына төсеген Әнуардың азаматтығына, өлсем, топырағым риза» деп кетті емес пе?! Алаштың екі Алатауының осындай өр тұлғаларына сүйінбеске шараң жоқ. Ағаларын ардақтап, інілерін жетектеп өткен сол қос қаламгердің оқырмандарына жігі ажырамай бірге жетуінің өзі де тегін емес.
Құрметті оқырман, биылғы «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша таңдалып алынған шығармаларды «Музыкалық-эстетикалық бейімдегі дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат - өнер колледжі кешені» кітапханасының қорынан алып оқуларыңызға болады.