Әдістемелік жұмыс
Мектеп-интернаты педагогикалық ұжымының әдістемелік жұмысы Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық құжаттарына (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 583 бұйрығы) сәйкес жүзеге асырылады, ғылыми жетістіктері мен озық педагогикалық тәжірибеге негізделген және өнер саласындағы үздіксіз білім беру жүйесін жетілдіру мен дамытуға, өзекті педагогикалық, орындаушылық, мәдени-ағартушылық міндеттерін шешуге бағытталған, мұғалімнің практикалық қызметімен байланысты.
Әдістемелік жұмыстар оқу-тәрбие үрдісін қамтамасыз ету және жетілдіру, оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу, мұғалімдердің біліктілігін арттыру мақсатында жүргізіледі. Педагогикалық ұжым оқу орнының миссиясын ескере отырып әдістемелік қызметті жүзеге асырады: еуропалық және ұлттық мәдениеттердің үздік жетістіктерінің органикалық синтезінде тәрбиеленген қоғам сұранысына ие табысты шығармашылық маманды қалыптастыру.
Әдістемелік жұмысының басым міндеттері:
- Білім беру бағдарламаларын іске асыруды әдістемелік қамтамасыз ету;
- оқытудың жаңа технологияларын, әдістерін, құралдарын және формаларын әзірлеу, енгізу және қолданыстағыларын жетілдіру;
- Педагогтың шығармашылық, ойлау қабілетін дамыту, педагогикалық ұжымның біліктілігін арттыру мен кәсіби шеберлігін қамтамасыз ету, педагогикалық ұжымның ғылыми-әдістемелік әлеуетін арттыру.
Әдістемелік жұмыстың негізгі бағыттары:
Қазақстан Республикасы білім берудің Мемлекеттік жалпы білім беру стандартының талаптарын іске асыратын оқу үрдісін әдістемелік қамтамасыз ету:
- жұмыс оқу жоспарлары мен оқу-әдістемелік өнімдерді әзірлеу (әдістемелік нұсқаулар, оқу құралдарын әзірлеу және т.б.);
-педагогикалық зерттеу процесінде анықталған тиімді технологияларды тәжірибеге енгізу арқылы білім беру жүйесін жетілдіру;
-мектеп мұғалімдерінің белсенді кәсіби позициясын қалыптастыру, семинарларға, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, кәсіби педагогикалық конкурстарға қатыстыру арқылы мұғалімнің шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға жағдай жасау; педагогикалық-әдістемелік кеңестерде, әдістемелік бірлестіктердің отырыстарында баяндамалар мен есеп берулер дайындау;
- озық (өнімді) педагогикалық тәжірибені жалпылау және насихаттау; оқу құралдарын әзірлеу және мақалалар шығару.
- олимпиадаларды, конкурстарды, семинарларды дайындау және өткізу;
- жас мамандарға әдістемелік қолдау көрсету, демеушілік мектеппен жұмыс жасау.
Мектеп-интернаты оқушыларының оқудағы жетістіктерін оқушылардың білімін бағалау критерийлеріне сәйкес бағалайды және қалыптастырушы және жиынтық бағалау талаптарын сақтайды.
Оқу жетістіктерін бағалау үшін бейіндік цикл мұғалімдері Sova Автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің платформасында орналасқан электронды журналдарды жүргізеді. Бұл заманауи ақпараттық технологиялар негізінде оқу үдерісін жан-жақты басқаруға мүмкіндік беретін оқушы деректерін жүйелеуді, оқу үдерісін басқаруды, электронды журналды және білім беру мазмұнын біріктіретін платформа. 5-9 сыныптардағы оқу жетістіктерін бағалау үшін жалпы білім беру циклінің мұғалімдері «Kundelik.kz» электронды журналын пайдаланады.
Әдістемелік жұмысы келесі бағытта іске асырылады:
- топтық формада (ПЦК бірыңғай зерттеу тақырыбы, заманауи білім беру технологияларын зерттеу, бейімдеу және сынақтан өткізу бойынша мұғалімдердің шығармашылық тобы);
- жеке формада (жеке зерттеу тақырыбы бойынша мұғалімнің жұмысы).
Мектеп өз жұмысын 9 пәндік - циклдік комиссиялар мен 3 әдістемелік бірлестіктер арқылы жүргізеді: жалпы білім беру циклінің мұғалімдері және мектеп-интернатының сынып жетекшілері мен тәрбиешілері:
1. Жалпы білім беру циклі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктері:
Жаратылыстану-математикалық цикл әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Қайбилда Нұрмұхамед Ибаділлаұлы, педагогика ғылымдарының магистрі;
Гуманитарлық цикл әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Құсайынова Сағыныш Берлікқызы;
Сынып жетекшілері мен тәрбиешілерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Әскерова Алия Камалбекқызы, педагог - зерттеуші, ТЖ жөніндегі директордың орынбасары.
2. Арнайы пәндер оқытушыларының пәндік цикл комиссиялары (бейіндік цикл):
«Арнайы фортепиано» ПЦК - ПЦКТ Команок Ю.В.,педагог- зерттеуші.
«Міндетті фортепиано» ПЦК - ПЦКТ Асхатова Н.Р, , педагог- сарапшы.
«Халық аспаптары» ПЦК - ПЦКТ Гафуров К.К., педагог-зерттеуші.
«Ішекті аспаптар» ПЦК - ПЦКТ Кислощей А.В., бірінші біліктілік санатты оқытушысы
«Үрмелі және соқпалы аспаптар» ПЦК - ПЦКТ Брюханов Г. В., жоғарғы біліктілік санатты оқытушы.
«Хор дирижерлеу» ПЦК - ПЦКТ Зайцева Н.В., педагогика шебері, бірінші біліктілік санатты оқытушы.
«Музыка теориясы» ПЦК - ПЦКТ Хвиневич И. В., жоғарғы біліктілік санатты оқытушы.
«Жеке ән айту» ПЦК - ПЦКТ Габидуллина В. Ф.,бірінші біліктілік санатты оқытушы.
Пәндік-циклдік және әдістемелік бірлестіктердің қызметі білім беру ұйымының бірыңғай әдістемелік мәселесін ескере отырып, жеке әдістемелік тақырып бойынша комиссияның тәрбие жұмысының бірыңғай жоспарына сәйкес жүзеге асырылады
Әдістемелік бірлестіктердің негізгі міндеті – мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін арттыруға көмектесу. Әр әдістемелік бірлестіктің мектеп-интернаты әдістемелік жұмысының тақырыбы мен мақсатына сәйкес өз жұмыс жоспарлары бар. Мектеп әдістемелік бірлестіктерінің отырыстарында келесі мәселелер талқыланады:
- Бағдарламалық материалды, мемлекеттік стандарт талаптарын хабарлау;
- Күнтізбелік - тақырыптық жоспарларды, оқыту бағдарламаларды келісу;
- Мектеп пен колледж жұмысындағы сабақтастық;
- Оқушылар қатарындағы олқылықтарды жою жұмысының әдістемесі;
- Оқу - танымдық іс-әрекетке ынтасы төмен оқушылармен жұмыс істеу әдістері;
- Аралық және қорытынды бақылаудың формалары мен әдістері;
- Өзіндік білім беру тақырыптары бойынша мұғалімдердің баяндамалары;
- Оқушылардың қорытынды аттестаттау: емтихан өткізу, оқушылардың колледжге ауыстырылуы.
Әдістемелік бірлестіктердің отырыстарында жаңа технологияларды меңгеруге қатысты мәселелер де қарастырылып, оқушылардың денсаулығын сақтауға, бақылау жұмыстарының тестілері мен тапсырмаларын, емтихандарды және басқа оқу-әдістемелік материалдарды зерделеуге көп көңіл бөлінеді. Оқушылардың біліміндегі анықталған олқылықтарды жою үшін бақылау жұмыстарын талдау, диагностикалау жүргізіледі. Әдістемелік бірлестіктердің жұмысы аясында пән бойынша ашық сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар, пән апталықтары өткізіледі.
МО қызметінің негізгі бағыттары келесімен айқындалады:
- Мұғалімдерді жаңа технологияларға оқыту арқылы кәсіби құзыреттілігін арттыру,
Әрбіроқушының бейімділігіне, қызығушылығына және қабілетіне сәйкес қажеттіліктерін қанағаттандыратын оқыту жүйесін құру.