Тәрбиешілер С.С. Адильшинова мен А. К. Аманованың жетекшілігімен 14.09.2024 ж. интернат тәрбиеленушілері "Күзгі Симфония "ОМО шығармашылық жұмыстар көрмесіне қатысты.
Көрмеде келесі номинациялар бойынша жұмыстар ұсынылды:
1 - "Күзгі рапсодия" - букет.
2 - "Алтын күздің қиялдары" - үстел үстіндегі гүлді композиция.
3 - " Күз " - қабырғаға орнатылған флористикалық композиция (сурет, панно)
Көрме гүл шоқтарының жарқын, қанық түстерімен, табиғи материалдардан жасалған ерекше әсерлі қолөнермен, сондай-ақ түрлі-түсті жапырақтардың әдемі суреттерімен таң қалдырды. Бұл көрмеге Долгих К., Умарова Ж., Досанова А. оқушыларымыздың жұмыстары қойылды. Көрмені тамашалаған соң «Сәлем, Орталық» балалар шығармашылық ұжымдарының концертін тамашаладық. Балалар жағымды эмоциялар мен әсерлер алды.
11.09. «Ұлдардың денесіндегі өзгерістер» тақырыбында әңгіме жүргізілді,
«Ер балаға арналған жеке гигиенаның 10 ережесі» атты бейнеролик көрсетілді.
«Спортландия» клубының жұмысы аясында тәрбиеші С.С.Адилшиновамен ДБМ интернатында жыл сайынғы дойбыдан турнир өтті.
Мақсаты: Балаларды дойбы ойынының тарихымен таныстыру, қарсыласу рухын ояту, логикалық ойлауын, тапқырлығын дамыту, есте сақтау қабілетін жаттықтыру.
Ойын алдында балалар «Дойбының пайда болу тарихы» атты танымдық бейнеролик көрді. Дойбының жасалу тарихы өткен ғасырда жоғалып кетті.Дойбыны Троя қоршауына қатысушы грек жауынгері Паламед ойлап тапқан деген нұсқа бар. Қаланың қоршауы 10 жылға созылды және зерігуді жою үшін Паламед осы ойынды ойлап тапты.
Дойбы турнирінің жеңімпаздары:
1 Орын - Узбек Ж.,Дүсейн М.
2 Орын - Ермек А.
3 Орын -Адилжан Б. ,Абаева М.
"Дойбы бойынша жақсы ойыншы" номинациясы бойынша- Бейсенбі Райымбек.
Барлық қатысушылар алғыс хаттар мен тәтті сыйлықтар алды.
Дойбы -пайдалы және жақсы .Бұл зияткерлік даму мен зияткерлік демалу.
13.01.2024 ж. ДБМ интернатының тәрбиеленушілері тәрбиешілер А.К. Аманова мен С.С.Адильшиновамен қалалық саябақта болды. Онда балалар әдемі шыршаға тамсанып, сырғанақ теуіп тамашалады.
Қыс мезгілі көңілді және қызықты кезеңдердің бірі.
Сырғанақ тебу – барлығының көңілді ойындары мен қызықты серуені.
Балаларға қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары адам жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
БМ түлектерінің тәрбиеленушілермен кездесуі өте жылы әрі бейресми түрде өтті. Қазір олар есейген жігіттер, бір отбасы иелері, өнерде өз орнын тапқан музыканттар.
Олар интернаттағы өмірі мен музыкалық жолын қалай бастағаны және жетістікке жету үшін қандай қиындықтарды еңсергені туралы әңгімеледі.
Интернатта вокалдық-аспаптық топтың құрылуы туралы әңгімені тыңдау тәрбиеленушілерге қызықты болды.
Кездесу барысында көрермендерге келген қонақтарға сұрақтар қоюға мүмкіндік берілді. Олардың жауаптары жиналғандардың барлығын шабыттандырды және музыкаға деген қызығушылық пен сүйіспеншілік кез келген қиындықты жеңе алатынын еске салды.
Интернат тәрбиешілері оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге көп көңіл бөледі.Бос уақытты белсенді,көңілді,жақсы өткізу- білімді арттыру мен сақтаудың маңызды құралы болып табылады.
Оқушылар сабақтан бос уақытында үйірме сабақтарына қатысып қана қоймай, серуендеуге, саяхаттауға, концерттерге барады...
Балаларға демалыс күндері Облыстық балалар мен жасөспірімдер мәдени орталығында ашық есік күніне қатысу жарқын да ұмытылмас күн сыйлады.Тәрбиеленушілер ОМО-ның би және вокалдық ұжымдарымен танысты. Жарқын костюмдер,музыка және энергия ,осының барлығы балалар арасында көптеген жағымды эмоциялар тудырды.
Қала және облыс оқушыларының дайындаған «Осенняя симфония» атты табиғи материалдардан жасаған қолөнер бұйымдары үлкен қызығушылық тудырды.
13 мамыр күні мектеп-интернатта «Өлкетану» клубының сабағы татар халқының тарихы мен мәдениетіне арналды.
Этнографиялық мереке ауызша журнал түрінде өткізілді. Бұл тәрбиеленушілерге ақпаратты анық және эмоционалды түрде жеткізуге мүмкіндік беретін адамгершілік тәрбие бойынша жұмыстың ерекше түрі. Журналдың бір нөмірді қамтитын бөлігін шартты түрде бет деп атайды, журналдың әрбір беті хабарламаның қысқаша мазмұны болып табылады, презентациямен және қысқаша бейнероликпен суреттеледі.
1. «Мемлекет пен халықтың тарихы» беті /татар халқының тарихы мен мемлекетінің құрылуы туралы /тәрбиеші Сайфуллақызы Айжан презентация мен бейнероликті көре отырып әңгімеледі/.
2. «Ұлттық киім» беті /Ашпекова Эльвира мен Кенжебаев Мирас презентациямен таныстырды/.
3. «Музыкалық аспаптар» беті / презентация мен бейнероликті Куйтанов Ислам мен Жанатайкызы Мадина таныстырды/
4. «Сабантуй» беті /Аужан Даниал мен Ермек Айнур презентациямен таныстырды/.
5. «Ұлттық салт-дәстүрлері» беті, «Ұлттық тағамдар» /мерекеге шақырылған Нуртдинова Гүлсина- апай мен оның немерелері Диана мен Элина әңгімеледі./
Сабақ соңында балалар татар мен қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлеріндегі ұқсастықтардың көптігін атап өтті. /тілдердің ұқсастығы, үлкенге құрмет, қонақжайлылық, бір дінді ислам/сунниттер/ ұстанамыз және т.б.
Мерекелік безендірілген залда мектеп-интернат оқушылары мен тәрбиешілері дәстүрлі «День зимних именинников» мерекесіне жиналды.
Мерекенің мақсаты: қыс мезгілінде дүниеге келген балаларды құттықтау. Сценарийді дайындаған, қызықты ойын сәттерін ойластырған, театрландырылған көрініске костюмдер дайындаған тәрбиешілер Сайфуллақызы А., Самратова Г.К көптеген алдын- ала жұмыстар атқарды. Ал, балалардың өздері мерекені дайындауға және өткізуге белсене атсалысты: бейне қойылым түсірген /Хакім М./, би дайындауға және музыка мен ойын бағдарламасын таңдауға көмектескен /Серікқазы И./мерекелік презентация құрастырған /Серікпаева А./. Ертегі кейіпкерлері Қар ханшайымы /Садвақас А./, Зұлым /Куйтанов И./, Непогодушка кейіпкері /А.Плохотина/ рөлдерін ерекше атап өтеуге болады. Барлық балалар өз рөлдерін тамаша ойнады.
Мерекелік бағдарламада би, ойындар, әндер, әзіл-оспақ миниатюралар, әзілдер, сыйлықтар мен құттықтаулар болды.
Туған күн – балаларды бірге қуану білуге үйрету, эмоциялармен бөлісуге, ұжымда болуға және ұжымның маңызды бөлігі ретінде өзін сезінуге үйрететін мектеп-интернаттағы ең сүйікті мерекелердің бірі.
Ұлы Отан соғысына арналған «Өлкетанушы» клубтық сабағы тәрбиеленушілерді Ұлы Отан соғысына қатысушы, жазушы, филология ғылымдарының докторы, КССР –дің еңбек сіңірген ұстазы Әди Шәріповтың өмірбаянымен таныстырады.
1940 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылып, ССР Белоруссия,Белосток қаласында соғысқа қатысқан. Ол партизан отрядының басында болды, неміс жазалаушылары мен полицейлеріне қарсы барлау және диверсиялық операцияларға қатысты. Тәрбиеленушілер «Лето 41 года» көркем фильмін тамашалау арқылы батырдың майдандық жолы туралы көбірек білді.
А.Шәріповтың бөлімшесі қоршауға алынады.Бірақ, жауынгерлер жігерлерін жоғалтпай, жаудың тылын бұзуға бел буады. Әскери драмада қатардағы жауынгерлердің ерлігі мен жанқиярлығы көрсетілсе, картина кейіпкері адамдарды басқаруға батылдық табады.
Көркем фильм тәрбиеленушілерді бұрынғы әскери іспен таныстырып қана қоймай, Отанды сүюге, Отанға деген адалдыққа, оның мүддесіне қызмет етуге құлшыныс пен әзірлікке, жанқиярлыққа, оны қорғауға тәрбиелейді.
16.04.2023 ж Ермек Серкебаев атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиеленушілермен Халықаралық құстар күніне арналған іс-шара өткізілді.Мектеп алаңына құстарға арналған ұялар орнатып,жем-шөп себілді.
Мақсаты: Балалардың экологиялық мәдениетін, құстарға деген қамқорлығын, көктем мезгілінде оларға көмектесуге деген құлшыныстарын қалыптастыру.
Көктем – жылы елдерден құстардың қайтып оралатын, ұя салатын, көбейетін мезгілі. Бұл уақытта құстар әсіресе нәзік келеді және өздеріне ерекше назар аударуды және қорғауды қажет етеді.
Мерекелік безендірілген залда мектеп-интернат оқушылары мен тәрбиешілері дәстүрлі «День зимних именинников» мерекесіне жиналды.
Мерекенің мақсаты: қыс мезгілінде дүниеге келген балаларды құттықтау. Сценарийді дайындаған, қызықты ойын сәттерін ойластырған, театрландырылған көрініске костюмдер дайындаған тәрбиешілер Сайфуллақызы А., Самратова Г.К көптеген алдын- ала жұмыстар атқарды. Ал, балалардың өздері мерекені дайындауға және өткізуге белсене атсалысты: бейне қойылым түсірген /Хакім М./, би дайындауға және музыка мен ойын бағдарламасын таңдауға көмектескен /Серікқазы И./мерекелік презентация құрастырған /Серікпаева А./. Ертегі кейіпкерлері Қар ханшайымы /Садвақас А./, Зұлым /Куйтанов И./, Непогодушка кейіпкері /А.Плохотина/ рөлдерін ерекше атап өтеуге болады. Барлық балалар өз рөлдерін тамаша ойнады.
Мерекелік бағдарламада би, ойындар, әндер, әзіл-оспақ миниатюралар, әзілдер, сыйлықтар мен құттықтаулар болды.
Туған күн – балаларды бірге қуану білуге үйрету, эмоциялармен бөлісуге, ұжымда болуға және ұжымның маңызды бөлігі ретінде өзін сезінуге үйрететін мектеп-интернаттағы ең сүйікті мерекелердің бірі.
02.06.2023 - 11.02.2023 ж тәрбиеші А.К.Амановамен Ермек Серкебаев атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиеленушілерімен «Природа Казахстана» атты сурет конкурсы өткізілді.
Мақсаты: адамгершілік-патриоттық сезімге, Отанға деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, көркем шығармашылық саласындағы дарынды балаларды анықтау.
Байқау жеңімпаздары:
I орын – Досанова Анна.
II – Якунина Дарья, Сельбаева Ясмина.
ІІІ- Жаңатайқызы Мадина, Мякинин Дмитрий.
Бұл сайысқа балалар белсене қатысып, сыйлықтармен және тәттілермен марапатталды
«Наурыз» мерекесі қарсаңында тәрбиеші С.С.Адилшинованың жетекшілігімен ДБМ интернатында «Бес асық» ойын - жарысы ұйымдастырылып, өткізілді. Балалар ойында өздерінің шеберліктерін көрсетті.
Біздің жеңімпаздар:
1 орын – Қалиев Е., Аужан Д., Ержан З.
2 орын – Ербулатов Т., Абай М.
3 орын – Серікпаева А., Сайранбекұлы Ж.
ЖАРАЙСЫҢДАР!! ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!
Жеңімпаздар мен ойынға қатысушылар тәтті сыйлықтарға ие болды.
2023 жылы 11 наурыз тәрбиеші А.К.Аманованың жетекшілігімен Наурыз мейрамына арналған іс-шара өткізілді.
Мақсаты – балаларды дәстүрлі мерекемен таныстыру. Отанға деген сүйіспеншілікке, қазақ халқының мәдениетіне қызығушылықтарын арттыру.
Жиналған дастархан басында ұлттық нақышта киінген оқушылардың қатысуымен, театрландырылған көрініс арқылы балалар наурыз көжеден дәм татты, мереке туралы әңгімеледі, ұлттық ойындар ойналды. Балалар ұлттық би мен ән де дайындады.Іс-шарамыздың ашылуында ұлттық салт -дәстүр шашу рәсімі өткізілді.
11.03.2023 ж тәрбиеші С.С.Адильшинованың жетекшілігімен ДБМ мектеп-интернатының тәрбиеленушілерімен 17 мектеп аумағында "Самый Оригинальный Снеговик " конкурсы ұйымдастырылды.
Балалар өздерінің қиялдарын, тапқырлықтарын, ұйымшылдықтарын көрсетті. Бірлескен жұмыс балаларды біріктіреді, ал қуанышпен күтілетін нәтиже шаршаудан басым болады. Балалар көптеген позитивті, жағымды эмоциялар, жақсы көңіл-күй алды !!!
КІТАПТЫҢ ҒАЖАЙЫП ӘЛЕМІ!!!
2023 жылдың 11 ақпанында ДБМ интернатының балалары тәрбиеші С.С.Адилшиновамен бірге И.П.Шухов атындағы қалалық кітапханаға барды.
Балаларға арналған әдемі басылымдар кішкентай және ересек оқырмандарды қызықтырады. Жарқын иллюстрацияның астарында білім мен қызықты оқиғалардың сиқырлы әлемі жасырылған сияқты. Бұл тұрғыдан алғанда, кітап кез келген фильмнен жақсы, өйткені әрбір оқырман кез- келген кейіпкерлер мен актерлерді өз бейнесінде ұқсатып фильм түсіре алады.
«Өлкетанушы» клубы аясында «Қызықты кездесу» бағыты бойынша балаларға қонақ ретінде талантты және жас музыкант-педагогтар, дарынды балаларға арналған мектеп интернатының бұрынғы оқушылары Махамбетова Айғаным Армановна мен Ерман Әсел Тауыпқызы да келді. Кеш барысында қонақтар мектеп-интернатында өткен жылдарды, Қазақ ұлттық консерваториясына түскен кездерді жылы лебізбен еске алды. Ең бастысы, жас ұстаздар өз сырларымен, кәсіби даналығымен бөлісе білді. Тәрбиеленушілер қонақтардың қобызда виртуозды ойнауын ду қол шапалақпен қарсы алды.
Клуб сабағының мақсаты: шығармашыл адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы адамгершілік құндылықтарды дәріптеу, эмоционалды байыту және болашақ музыканттарымызға жақсы кәсіптік бағдар болып табылады.
28.01.2023 ж «Спортландия» клубының жұмысы аясында тәрбиеші С.С.Адилшиновамен ДБМ интернатының тәрбиеленушілерімен дойбыдан турнир өткізілді.
Мақсаты: балаларды дойбы ойынының пайда болу тарихымен таныстыру, логикалық ойлауын, тапқырлығын дамыту, есте сақтау қабілетін жаттықтыру, бәсекелестік рухын ояту.
Дойбы - жағымды және пайдалы ойын. Бұл интеллектуалды даму және интеллектуалды демалыс болып табылады. Ойын алдында балалар «Дойбының пайда болу тарихы» атты танымдық бейнефильмді тамашалады.Дойбы – ежелгі ойындардың бірі. Дойбы өнерінің жасалу тарихы уақыттың еншісінде жоғалып кетті. Дойбыны Троя қоршауына қатысушы грек жауынгері Паламед ойлап тапқан деген нұсқа бар. Қаланың қоршауы он жылға созылып, зерігуді жою үшін Паламед осы ойынды ойлап тапты.
ДОЙБЫ ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ:
1 орын – Хакім М.
2 орын – Жаңатайқызы М., Кенжебаев М.
3 орын – Қайрат М., Тұрар А., Ербулатов Т.
«Үздік дойбышы» номинациясы бойынша – Әшкен Жанболат.
Барлық қатысушылар тәтті сыйлықтарға ие болды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!
21.01.2023 ж «Спортландия» клубының жұмысы аясында тәрбиеші С.С. Адильшиновамен «Полезные и вредные привычки» фильмінің бейнебаянын тамашалаумен әңгіме жүргізілді.
Мақсаты: Балалардың жақсы және жаман әдеттері, олардың денсаулыққа әсері туралы білімдерін жүйелеу, балалардың бойында жақсы әдеттерді қалыптастыруға баулу, өз денсаулығына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
Балалармен бірге жағдаяттық тапсырмалар, жақсы әдеттерді сақтаудың маңыздылығы, жаман әдеттердің зиянды-теріс әсерлері талқыланып қорытынды жасалды: әдеттерімізді өзіміз қалыптастырамыз. Жаман әдеттерден арылып, жақсы әдеттерге ие болу қажет. Адам өзіне қандай әдеттерді бойына сіңірсе, өмір бойы осындай әдеттер қалыптасады.
Екінші тоқсанның соңында тәрбиеленушілердің өмірі қызықты және белсенді болды. Бұл екі мектептегі емтихандар, дайындықтар, концерттерде өнер көрсету, Президент шыршасына қатысу.
Тәрбиеші А.Сайфуллақызы «Жаңа жыл ғаламшарды шарлайды» стенд түрінде көрнекі құралды пайдалану арқылы балалардың бос уақытта пассивті есте сақтауын жеңілдетеді.Стендті рәсімдеудің мақсаты мерекелік жаңа жылдық көңіл-күйді қалыптастыру, сонымен қатар балалардың әртүрлі елдерде Жаңа жылды тойлау дәстүрлері туралы білімдерін кеңейту болды.
2022 жылдың желтоқсан айында «Атамұра» клубы аясында тәрбиеші М.Б. Рыспекова Тәуелсіздік күніне арналған «Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік» тақырыбында суреттер байқауын өткізді.
Іс-шараның мақсаты тәрбиеленушілерде патриотизм сезімін, өз тәуелсіздігін бағалай білуге тәрбиелеу; тәрбиеленушілердің өз елінің тарихы, мәдениеті, рухани мұрасы туралы білімдерін тереңдету және кеңейту болды.
Тәуелсіздік күніне орай тәрбиеленушілерге «Еліміздің еркіндігі – Тәуелсіздік» тақырыбында суреттер байқауы жарияланды. Нәтижесінде суреттер көрмесі өткізіліп, тәрбиеленушілердің суреттері бағаланды. Сурет байқауына қатысқан тәрбиеленушілер марапатталды. Жүлделі орындарға иеленген қатысушылар: I орын: Сельбаева Ясмина, Плохотина Ангелина; ІІ орын: Сәулет Жансая, Әділбек Дінмухаммед; ІІІ орын: Досанова Анна, Жанатайқызы Мадина.
Өткізілген іс-шара барысында тәрбиеленушілер байқауға белсенді қатысып, көркем өнердегі өз қабілеттерін көрсетті.
Желтоқсанда айында "Шығармашылық шеберхана" клубы аясында тәрбиеші Самратова Гүлнар Кожахметовна "Рождестволық періште" атты практикалық сабағын өткізді. Қағаздан сыйлық жасау технологиясын көрсетті. Әр тәрбиеленуші өз періштені ерекше қылуға тырысты.
“Бала құқығы - адам құқығы ” республикалық онкүндігі аясында 13 қараша күні интернат тәрбиешісі Г.К. Самратова 5-9 сынып тәрбиенушілермен “Бала құқығы- асыл қазына” тақырыбында тәрбиелік мәні бар әңгіме өткізді.
15.10.2022 жылы «Өлкетану» клубының сабағы ақын,ұстаз,публицист,қоғам қайраткері,«Алаш» партиясы жетекшілерінің бірі,бар өмірін туған халқының тағдыры мен тілі үшін күреске арнаған Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналды.Сабақ «Ахмет Байтұрсынов – Қазақ халқының рухани көсемі» деп аталды.
Сабақтың мақсаты: тіл білімінің іргетасын қалаған қазақ ағартушының өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау.Шара барысында ұстаз Сайфуллақызы Айжан А.Байтұрсынұлының өмірбаянынан қызықты да қайғылы деректермен бөлісті,тәрбиешілер журналист Майя Бекбаеваның «Ұлы қазақтың сыры мен тағдыры» сериясынан деректі фильмді қызығушылықпен тамашалады.
«Өлкетанушы» клубының сабақтары оқушылардың ел тарихына деген танымдық қызығушылығын дамытуға, интеллектуалдық деңгейін арттыруға, туған жерінің тағдырына араласу сезімін арттыруға ықпал етеді.
Ермек Серкебаев атындағы өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернаты – бұл тәрбиешілердің жеке өмірін қалыптастыруға, шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін ашуға бағытталған, барлық жағдайы жасалған білім мекемесі. Осының барлығына мектеп-интернат тәрбиешілері жүргізетін үйірме сабақтары ықпал етуде.
09.09.2022 тәрбиеші Сайфуллақызы Айжан балаларды «Өлкетану» клубының жұмысымен таныстырды. Өлкетану клубының жұмысы балалардың Солтүстік Қазақстанның тарихының өткені мен бүгіні туралы түсініктерін кеңейтуге көмектеседі, аймақта тұратын халықтардың тарихымен, мәдениетімен, әдет-ғұрыптарымен танысуға мүмкіндік береді.
Клуб жұмысында Қазақстанның атақты жерлестерін мысалға ала отыра,қазақстандық патриотизмді қалыптастыру ерекше құнды болып табылады. Қазақстандық патриотизмды қалыптастырудың негізі - отансүйгіштік, өз еліміздің тәуелсіздігін қадірлеу және қорғай білуге үйрету, патриотизмді қалыптастырудың негізгі бағыбағыттарына талдау жасай отырып, қоғамда алатын орны туралы болжамдар жасау.
Балалар шынайы қызығушылықпен әдеби-музыкалық кештер, әңгімелер, викториналар, этнографиялық мерекелер, ойын бағдарламалары, қызықты адамдармен кездесулерден фотосуреттер мен бейне сюжеттер ұсынылған презентациялармен,сонымен қатар өткен жылдың клуб қызметінің ең жарқын ұмытылмас сәттерімен шынайы қызығушылықпен танысты.
Іс-шара сапалы және мазмұнды өтті. Балалар белсенді түрде сұрақтар қойды, клубтың алдағы жұмысының тақырыптары қызықтырды.
2022 жылдың 1 қазанында тәрбиеші А.Қ.Аманова Ермек Серкебаев атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының жаңадан келген тәрбиешілері үшін Ботаникалық баққа саяхат ұйымдастырды. Ботаникалық бақ – қала мен облыстың ғажайып орны болып табылады. Балалар бақшаның тар жолдарымен серуендегенді ұнатты, олар естеліке суретке түсті. Олар бірегей табиғи кешенмен қарым-қатынас жасаудан көптеген жағымды эмоциялар алды.
Әр адамның жүрегіне
қонатын сөз: Мектеп, бірінші ұстаз, сынып жетекшісі, тәрбиеші....
Мереке қарсаңында тәрбиеші С.С.Адильшиновамен ДБМ мектеп-интернатында «Ұстаздар күні» атты мерекелік қабырға безендірілді.
Белсенді қатысқандар: Садвакас А., Тахирова Ф., Гарипова А., Сәлмен А., Базарбекова С.
Балалар салған суреттерінде мұғалімнің еңбегіне деген сүйіспеншілік пен құрметті бейнеледі
Музыка бейіндегі мектеп-интернат – бұл тәрбиешілердің жеке өмірі мен шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін қалыптастыру үшін барлық жағдайы жасалған білім мекемесі. Осының барлығына мектеп-интернат тәрбиешілері жүргізетін үйірме сабақтары ықпал етуде.
Тәрбиеші Сайфуллақызы Айжан балаларды «Өлкетану» клубының презентациясымен /09.09.2022/ таныстырды. Өлкетану үйірмесінің жұмысы балалардың Солтүстік Қазақстанның тарихи өткені мен бүгіні туралы түсініктерін кеңейтуге көмектеседі, өлкемізде тұратын халықтардың тарихымен, мәдениетімен, әдет-ғұрыптарымен таныстырады.
Клуб жұмысында Қазақстанның атақты жерлестерін мысалға ала отыра, қазақстандық отансүйгіштікті қалыптастыру ерекше құнды болып табылады.
Балалар әдеби-музыкалық кештер, әңгімелер, викториналар, этнографиялық мерекелер, ойын бағдарламалары, қызықты адамдармен кездесулерден фотосуреттер мен бейне сюжеттер ұсынылған презентациялармен, сонымен қатар өткен жылдың клуб жұмысының ең жарқын сәттерімен шынайы қызығушылықпен танысты.
Іс-шара сапалы және мазмұнды болды. Балалар белсенді түрде сұрақтар қойды, клубтың алдағы жұмысының тақырыптарымен танысты.
Ермек Серкебаев атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері тәрбиешілер А.К.Аманова мен С.С. Әділшинованың жетекшілігімен Облыстық қуыршақ театрына барып, «Ещё раз о Красной шапочке» спектакльді тамашалады.
Фойеде балаларды Кепа мен Бычек шабандоз қуыршақтары қарсы алды. Бұл балалардың көңілінен шықты. Балаларға спектакль өте ұнады. Олар спектакль сюжетінің дамуын үлкен ықыласпен және көңіл күймен тамашалады. Балаларға артистердің жарқын ойыны мен финалдың ерекше шешімі ұзақ уақыт есте қалады деп ойлаймыз. Қойылым аяқталғаннан кейін балалар әртістерді ұзаққа созылған қол шапалақпен шығарып салды. Оқушылар өздерінің ілтипаттары мен тілектерін "Шағымдар мен Ұсыныстар" кітабында білдірді.