ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!

Баланың шығармашылық қабілетін дамытуда оның оқуына дұрыс келе білу маңызды болып есептеледі. Дарындылық үнемі назарда және қолдауда болуы керек. Кешенде музыкалық дарынды балалармен жұмыс тәжірибесі көптеп жинақталған. Бұл оқу мекемесі Петропавл қаласында 1957 жылы қыркүйек айында ашылып, ұзақ уақыт музыкалық училищесі болып аталып келді. 1995жылы бұл мекеме атауы өнер колледжіне ауыстырылды, ал 2006 жылы жас дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп – интернатпен қосылып, жаңа заманауи атау алды. Оқу қазақ және орыс тілдерінде жүреді.

Оқу мекемесі педагогтардың жоғары шеберлік деңгейімен әйгілі. Олардың көпшілігі жалпы білім саласының үздігі және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері, біліктіліктері жоғары санатты ұстаздар. Оқу мекемесінің педагогикалық ұжымын 2005 жылдан бері еңбек сіңірген өнер қайраткері, педагогика ғылымының кандидаты, білім үздігі – Рауза Әбутәліпқызы Кашенева басшылық етеді. 1980 жылы ол Петропавл музыкалық училищесін аяқтап, 1987 жылы Алматы Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясын тәмәмдап шықты.

Рауза Әбутыліпқызы — көптеген музыкалық фестивальдар мен конкурстардың лауреаты, 1998 жылдың наурызынан 2001 жылдың қаңтарына дейін концертировала совместно с симфоническим оркестром города Ридеркерк қаласының (Нидерланды) симфониялық оркестрінде бірігіп концерттік қызмет атқарды. Ол осы еңбегі үшін голланд қаласы Аблассердамның губернаторының алғыс хатымен марапатталды. 1998 жылы «Бельканто» халықаралық конкурсының алқа қазыларының төрайымы болды. Кашенева Р.Ә. үлкен орындаушылық және педагогикалық тәжірибесі бар. Оның оқушылары – халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары. Одан басқа, Роза Әбутәліпқызының көптеген ғылыми басылымдары мен сынды тұрғыда мақалалары, очерктері бар.

Түлектерінің ішінен көптеген әйгілі музыканттары мен әншілері, драмтеатр актерлері мен суретшілері, режиссерлері мен педагогтары бар. Петропавл қаласының алдыңғы білім мекемелерінің оқытушылары мен оқушылары белсенді концерттік және ағартушылық жұмыспен шұғылданады. Олар концерт өткізеді, қала орта және жоғары оқу мекемелері оқушылары мен студенттері үшін лекциялар өткізеді. Жас дарындар жетім балаларға, мүгедек, ауруханалар мен кәрілер үйіндегі адамдарға жүйелі түрде өтілетін шараларға қатысады. Оқу мекемесі өзінің үлкен жинақты хор тобын (жетекшісі – Н.В. Зайцева), симфониялық оркестрін (жетекшісі – еңбек сіңірген қайраткер Б.С.Ұлтарақов), орыс халық аспаптарын (жетекшісі – С.П. Зелепухин), үрмелі оркестр (жетекшісі – Г.В.Брюханов), скрипкашылар ансамблі (жетекшісі – А.В. Кислощей) және «Арқа сазы» фольклорлық оркестрін (жетекшісі – Ж.А.Мухатаева) мақтан тұта алады. Әлі жетпеген шыңдар, орындалған марапаттар көп, бірақ белгілісі сол, барлық оқушылар да, оқытушыларда жоғары деңгейде орындаушылық шеберлігін арттыруға тырысады. Себебі өнерге қызмет етеді – бұл үлкен абзал іс.



Текст
Виртуальная приемная