Құрметті ата-аналар!
Жазда, демалыстың басталуымен біздің балалардың жолдарда, су айдындарында, орманда, ойын алаңдарында, бақшада, аулаларда болуларына байланысты өмірлеріне қауіптілік артады. Бұған ауа-райы, жазғы сапарлар және балалардың қызығушылығы, бос уақыттың қол жетімділігі, ең бастысы, ересектер тарапынан тиісті қадағалаудың болмауы ықпал етеді. Балалардың ата-аналарымен, туыстарымен, достарымен демалуын ұйымдастырған кезде олардың дендері сау және өмірлеріне қауіп төнбеу үшін бірқатар ережелер мен шарттарды есте сақтау қажет. (саяжайда немесе ауылда әжесімен бірге):
- коронавирус пандемиясына байланысты санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтаңыз;
- балалардың жеке қауіпсіздік дағдыларын қалыптастырыңыз;
- балалардың өмірін сақтауға көмектесетін маңызды ережелерді түсіндіре отырып, балалармен жеке әңгімелер жүргізіңіз;
- балалардың бос уақыты туралы мәселені шешіңіз;
- есіңізде болсын! Кешке және түнде (22.00-ден 6.00-ге дейін) балалар мен жасөспірімдерге ересектердің еріп жүруінсіз көшеге шығуға заң жүзінде тыйым салынады;
- балаңыздың қай жерде және кіммен жүргендігін үнемі біліп отырыңыз, балалардың болатын жерін бақылаңыз;
- бейтаныс адамдармен сөйлесуге жол бермеңіз. Балаңызға «біреу» зиян келтіргісі келген жағдайда, кез-келген адамға әрдайым «жоқ» деп айтуға толық құқығы бар екенін түсіндіріңіз;
- балаңызға қандай да жағдай болмасын, бейтаныс адамдармен бірге көлікке отыруға болмайтынын түсіндіріңіз;
- балаңыздың қандай да бір жасаған қылығына қарамастан, сіз бұл оқиға туралы білуіңіз керек, ашуланбаңыз, әрқашан оның жағын ұстаңыз. Кейбір фактілерді құпия ұстауға уәде берсе де, оларды ешқашан құпия ұстауға болмайтынын түсіндіріңіз;
- суда жүзу және суда ойнау, рахаттанумен қатар, балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Балаңыз суда шомылғанда, одан көзіңізді алмаңыз, себебі кез келген бір минут уақытыңыз үлкен қайғы-қасіретке айналуы мүмкін; балаларға жалғыз суға түсуге немесе бейтаныс жерде суға түсуге болмайтындығын міндетті түрде түсіндіріп беруді ұмытпаңыз;
- шомылатын балаларды қарайтын ересек адам өзі жүзе білуі керек, алғашқы медициналық көмек көрсете алатындай болуы керек, жасанды тыныс алу және кеуде қуысына массаж жасайтын әдістерімен таныс болуы қажет;
- жаман әдеттерден (алкоголь, темекі, есірткі), азғындыққа және қоғамға жат әрекеттерден аулақ болыңыз;
- адам тұрмайтын иесіз үйлерге кіруге болмайды;
- жол-көлік оқиғасының құрбаны немесе кінәлісі болмау үшін балаларға жол ережелерін үйретіңіз, оларды жолда және қоғамдық көліктерде өте сақ болуға үйретіңіз;
- балалармен ойын немесе спорт алаңында, серуенге шыққан кезде барлық қауіпсіздік талаптарын сақтап, сақ болыңыз;
- балаңызбен бірге велосипед тебу ережелерін оқып үйреніңіз;
- Есіңізде болсын! 14 жасқа толмаған балаларға автомобиль жолдарында және оларға теңестірілген жолдарда велосипедпен жүруге тыйым салынады.
- отпен өте сақ болыңыз. Балаларға отпен ойнауға болмайтындығы туралы, оттың тілсіз жау екендігі және абайсызда қарамау салдарынан жиі кездесетін өрттер туралы білім беру:
- отпен ойнайтын балалар;
- сөндірілмеген шоқтар, шлак, күл, от;
- сөндірілмей қалған шылым қалдықтары, сіріңке;
- саяжай иелерімен қоқыстарды бақ аумағанда немесе ағаш бауырында жағу;
- шөпті күйдіру, қысқа тұйықталу, электр құрылғыларын, тұрмыстық техниканы, пештерді пайдалану.
- балалар жаратылысынан елеңсіз және сенгіш болатындығын ұмытпаңыз. Балалардың назары шашыраңқы болуы мүмкін. Сондықтан сіз балаңызға қарапайым мінез-құлық ережелерін жиі еске түсірсеңіз, соғұрлым ол оларды есінде сақтап, қолдана алады. Сіз оларды үнемі еске салып отыруыңыз керек.
- балаңыздың әлеуметтік желідегі және Интернеттегі әрекеттерін қадағалаңыз.
- суицидтік ойлар мен мінез-құлыққа жол бермеу үшін балаңыздың эмоционалды жағдайын бақылаңыз.
Ата-ана құқықтарын жүзеге асыру кезінде ата-аналар балаларының физикалық және психикалық денсаулығына, олардың адамгершілік дамуына зиянын келтіруге құқығы жоқ. Балаларды тәрбиелеу әдістері балаларға немқұрайлылық, қатыгездік, дөрекілік, ар-намысты қорлайтын қатынасты, зорлық-зомбылықты немесе қанауды болдырмауы тиіс. (ҚР «Бала құқығы туралы» 49 бабы).
Жоғарыда аталған ережелерді сақтамау келесіге әкеледі:
1. 442-бап. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы
Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы –заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. 440-бап. Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу
Жергiлiктi атқарушы орган алкогольдік ішімдіктерді құйып сатуға рұқсат еткен сауда және қоғамдық тамақтандыру ұйымдарынан басқа, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға адамның қадiр-қасиетiн және қоғамдық имандылықты қорлайтын масаң күйде келу –бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
3. 441-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтынуға тыйым салуды бұзу.
Ескерту. 441-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 07.07.2020 № 361-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).Осы баптың 1-2-бөлігінде көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салу белгіленген орындарда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды тұтыну -жеке тұлғаларға он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
4. 434-бап. Ұсақ бұзақылық
Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер –бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғады.
5. 438-бап. Арнаулы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру
Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарын, полицияны, медициналық жедел жәрдемдi, авариялық қызметтердi көрiнеу жалған шақыру – жеке тұлғаларға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. 188-бап. Ұрлық Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
7. 70-бап. Ата-аналардың баланы тәрбиелеу және оған білім беру жөніндегі құқықтары мен міндеттері
Ата-аналардың барлық өзге адамдар алдында баласын тәрбиелеуге басым құқығы бар.
Бала тәрбиелеушi ата-аналар оның дене бітімі, психикалық, адамгершілік жағынан және рухани дамуына қажеттi өмiр сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жауаптылықта болады.
Жазғы демалыс кезінде ата-ана баланың өмірі, қауіпсіздігі үшін толық жауапкершілікті өздеріне алады. Ата-аналардың үлгісі - балалардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын табысты тәрбиелеудің негізгі факторларының бірі болып табылады.
Балаларыңыздың демалысы жақсы және қауіпсіз өтуіне қолынан келетін барлық жағдайды жасауыңызды сұраймыз.
Жазғы демалыс кезінде балалар қауіпсіздігі туралы ата-аналар үшін жадынама