Мұғалімдердің жетістіктері

Халықаралық рейтингтік одақтың саралау нәтижелері бойынша оқу орны Солтүстік Қазақстан облысында бірінші орынды иеленіп, «Сала көшбасшысы - 2015» ұлттық сертификатын алды.

2011 жылы оқу орны Англияда (Оксфорд қ.) 21 ғасырдың көшбасшылары халықаралық саммитінде Кешен директоры Р.Ә. Кашеневаға салтанатты түрде табысталған «European quality award» беделді халықаралық сыйлыққа ие болды.

2021 жылы 11 наурыз Кешенге қазақ камералық және опера әншісі, актер, педагог, халық әртісі, атақты жерлесіміз Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаевтың есімі берілді. Оқу орны «Ермек Серкебаев атындағы «Өнер колледжі – өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат» кешені» КММ атауын алды.

Мектеп-интернатта 1 педагогика ғылымдарының кандидаты, 3 магистр, «Білім беру қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» - 1, «Кәсіби сіңірген еңбегі үшін» - 1, «ҚР Тәуелсіздігіне 10 жыл» - 1, «Ерен еңбегі үшін» - 2, «Ы.Алтынсарин» - 3, «175 жыл А.Құнанбайұлының тұғыныңа» - 1, «Мәдениет саласының үздігі» - 6, «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» - 5, «Мәдениет қайраткері» - 5, «Қазақ мәдениеті қайраткері» - 1, «Халық алғысы» - 1, «Еңбек ардагері» - 1, «Қазақстан халыққа Ассамблеясына 20 жыл» – 1, «Алшекей Бекбайұлы» дәстүрлі өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін - 1, СҚО әкімінің 1-дәрежелі сыйлығы - 1, «ВЦСТК белгісіне көркемөнерпаздар өнеріндегі жетістігі үшін» – 1, «Табысты адамдар» энциклопедиясы батырларының құрметті ордені - 1.

Барлық педагогикалық қызметкерлердің білім беру бағдарламаларының бейініне сәйкес келетін базалық білімі бар. 2022-2023 оқу жылында жоғары педагогикалық білімі бар оқытушылар саны 88 адамды немесе оқытушылардың жалпы санының 93,6% -. құрайды.

Педагогикалық құрам кестеге сәйкес аттестаттау рәсімінен өтеді. Жоғары санатты – 14, бірінші санатты – 8, педагог – зерттеуші - 20, педагог – сарапшы – 6, барлығы 48 адам, бұл педагог қызметкерлердің жалпы санының 51% құрайды. Педагог қызметкерлердің жалпы санының 49%-ы - екінші санатты педагог - 6, педагог - модератор – 19, педагог - 21 (оның ішінде 5 жылға дейінгі өтілі бар 7 педагог) құрайды.



Текст
Виртуальная приемная