Әлеуметтік серіктестік


15 қарашада «Өнер Колледжі-Ермек Серкебаев атындағы өнердегі дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат» КММ «Жұмыс берушілер күні» жұмыс берушілер мен болашақ түлектер үшін диалог алаңы форматында ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: жұмыс берушілермен кадрларды даярлау сапасын арттыру бойынша одан әрі тиімді ынтымақтастығы.

Конференц-залда педагогтар мен студенттердің жұмыс берушілермен және әлеуметтік серіктестермен диалог алаңы өтті. Онда оқу жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Г.Л. Рыжик «Кадрларды даярлау сапасын арттыру бойынша жұмыс берушілермен тиімді ынтымақтастық ретінде әлеуметтік әріптестік» баяндамасымен сөз сөйлеп, жұмыс берушілермен ынтымақтастықтың негізгі міндеттері мен бағыттарын ашты. Кездесу барысында әр біліктіліктің өзіндік ерекшеліктерін ашып, колледж әр мамандықты таныстырды.

Өз ұсынысымен М. Қозыбаева атындағы СҚМУ профессоры Колесникова Г. А.сөз сөйледі.

Іс шара жұмыс берушілерді Білім министрлігі мен колледждің алғыс хаттарымен марапаттау рәсімімен аяқталды.

Білім Министрлігінің Алғыс хаттарымен Ақан сері атындағы облыстық филармониясының директоры Б.Ж. Ақмағамбетова, Н. Погодин атындағы облыстық орыс драма театрының директоры С. У. Рамазанова марапатталды. Қалған қатысушыларға облыстық ЦТДиЮ директоры - Новик В.Ф., М. Қозыбавеа СҚМУ музыка кафедрасының меңгерушісі -Ж. А. Мұхатаеваға, М. Қозыбаева СҚУ профессоры Г. А. Колесниковаға, «Мерей» өнер мектебінің директоры А.С. Сенкибаеваға, №8 мектеп эстетикалық бағыты директорының орынбасары - Н. М. Фоменкоға колледждің алғыс хаттары берілді.




Текст
Виртуальная приемная