Ауызша журнал: «Қазақ жерінің кемеңгері» / Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына
Біз үшін Абай қандай болса, Мұхаң да – сондай даналық мектебі.
Ол мектептен дәріс алу – әр қазақтың абыройлы борышы.
Дінмұхамед Қонаев, мемлекет қайраткері
Әлемді көз алдыңа келтіру үшін, басқалардың көзіне түсу үшін,
адам рухының қадір-қасиетін асқатата көтеріп, жар салу үшін
өз биігің – Мұхтар Әуезов сияқты асқар шыңың болу керек.
Шынғыс Айтматов, жазушы
М.О.Әуезов Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897 жылы жиырма сегізінші қыркүйекте дүниеге келген.
Мұхтар Әуезов қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897 жылы жиырма сегізінші қыркүйекте туған. Алғашқыда 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.
Училищені 19
15 жылы аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Семинарияда оқып жүріп Шәкәрім Құдайбердіұлының«Жолсыз жаза» дастанының негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде са
хнаға шығарады.( Мұхтар Омарханұлы Әуезов құрметіне шығарылған марка)
Әуезов қаламынан 30-дан аса драмалық шығарма туды. Жеке пьесалардың варианттарын қоссақ, 50-ден асады. Әуезов драматургиясында жанрлық формалардың бәрін қамтыған. Онда трагедия да, комедия да, драма да бар. Әуезов кейбір шығармаларын бірігіп жазған. Олар: Л. Соболев («Абай»), С. Мұқанов («Ақан - Зайра»), Ғ. Мүсірепов («Қынаптан қылыш»), Ә. Тәжібаев («Ақ қайың»), Ә. Әбішев («Намыс гвардиясы»), «Октябрь үшін» (1933) пьесасының материалдары - Жетісу қазақтарының
революцияға келуі. Кейіпкерлері - Д. Фурманов, Ж. Бәрібаев. Кітаптың мұқабасында «Мұны жазуға Қ.Байсейітов, Бековтар қатысты» деген сөздер бар. Әуезовті әдебиетке «Еңлік - Кебек» алып келді. Шығарма өзегі - эпостық материал. Әлемдік әдебиеттегі мұндай тәжірибе енімді дәстурлердің бірі. Әуезовтің «Еңлік - Кебегі» 1922 жылы Орынборда басылды. Кейіпкерлері сахна тілімен сөйлейді. Автор өзінен бұрынғы мотивтерден алыс кетпеген. Билер сахнасы - көркемдік тамаша табыс. Кемшілік, олқылықтарды ескеріп, Әуезов пьесаны 1943 жылы қайта жазды. Бірнеше көрініс қысқарды. Аса терең, мәнді шығарманың бірі - «Түнгі сарын». Бұл - қазақ драматургиясында реализмнің орныққанын көрсеткен туынды.
Ол 1961 ж
ылы 27 маусымда Мәскеу қаласындағы Кремль ауруханасында операция кезінде қайтыс болды. 1961 жылы қайтыс болғаннан кейін Республика Үкіметі қаулы қабылдап, ұлы жазушының есімін мәңгі есте қалдыру мақсатымен Ғылым академи
ясының Әдебиет және өнер институты мен Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрына Мұхтар Әуезовтың аты беріледі, әдеби мемориалдық мұражайы ашылып, бірқатар мектеп, көше және Алматының бір ауданы М.Әуезов атымен аталды.
«Абай жолы» – Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі роман-эпопеясы. «Абай жолы» – қазақтың көркем прозасын классикалық деңгейіне көтеріп, әлем әдебиетіне көркемдік қуат әкелген үздік туынды. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсетті. Әуезовтың «Абай жолы роман-эпопеясы әлемдік деңгейде: «XX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі» (Луи Арагон) деген жоғары баға алды.
Жазуш
ы қуғын-сүргінің алғашқы легіне ілікті.1930 жылы жазында ойламаған жерден НКВД қызметкерлері оны тұтқынға алды.Оған үрейлі 58 бап бойынша айып тағылды, іле-шала бірталай заттары мен қағаздары тәркіленді, ол қағаздар бүгінге дейін табылған жоқ.Олардың ішінде бірнеше аяқталған шығармалар болған, бұдан кейін Әуезов оларды қайта қолына алған жоқ. Екі жыл абақтыда отырған,одан кейін идеологиялық айыбың мойындап жазған хаты үшін жазасы жеңілдеп, тағыда
шартты түрде үш жылға кесілген. Бұл хат баспасөз жарияланды.Еркіндіктің құны осы болды.
Әуезов әлемi дейтiн кең дүниенің жаратылысы мен табиғатын екі сөзбен қайырып айту мүмкін емес. Оны терең танып, жан-жақты талдау – әр дәуір, әр ұрпақтың киелі мiндетi. Француздар – Бальзакты, орыстар – Толстойды, американдықтар – Драйзердi, немістер – Гетені қалай зерттеп, зейiндесе, қазақтар Әуезовті дәл солай тануға ұмтылғанда ғана ұлттың өзiн-өзi тануы, өзiн-өзi бағалауы, өзiн-өзi қадiрлеуi қалыптаспақ, күшеймек, жалғаспақ. Әуезов әлемi көзге көрiнбейтiн ғажайып ұлы сиқырымен, құдiретiмен ұлттық рух тәуелсiздiгiн қорғауға, сақтауға үйретедi!
Буккроссинг: «Кітап достарды іздейді»
Буккроссинг (ағылшын тілінде «кітаптың айналыста жүруі) – «өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидасына негізделген хобби мен адам және кітап арасын жақындататын, кітап оқуға шақыратын қоғамдық қозғалыстардың бірі. Буккроссингтің ережесі бойынша, кез-келген адам өзі оқып бітірген бір кітабын қоғамдық көпшілік орындарда (саябақ, кафе, кітапхана және т.б.) қойып кете алады, кейін бұл кітапты тауып алған басқа адам оқиды, оқып болған соң, ол да сол кітапты орнына тастап кетеді, дәл осылай ол кітапты басқа оқырман оқи алады. Бұл қоғамдық қозғалысқа қатысушыларды − “буккроссерлер” деп атайды.
Мақсаты - «Буккроссингтің» басты мақсаты ол − үйімізде шаң тозаң болып жатқан немесе оқылған кітаптарға «екінші өмір сыйлау»; оқырмандар арасында «кітап алмастыру» акциясын жүргізу; әр түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру; кітапханаға оқырмандарды тарту; күнделікті өмірдегі әр оқырманның кітап оқу әрекетін танымал етуге өз үлесін қосу; әлемді үлкен кітапханаға айналдыру.
Буккроссинг жүргізу үшін кітапханада кітап сөресі безендірілді. Колледждің ақпараттық стендінде хабарландыру орналастырылды, онда кітапхана барлық оқуға әуесқойларды студенттер арасында кітап алмасу акциясына қатысуға шақырды.
Балалар буккроссинг процесі «өзің оқысаң, өзгеге табыс ет» қағидатына негізделген қарапайым әрекеттен тұратынын білді. Басқалармен бөлісуге болатын кітаптарды кітапханаға әкелуге болады, осыдан кейін ол жаңа оқырмандар таба отырып, қызықты саяхатқа шығады. Кітаптар оқылуы керек, сөрелерде тұрмауы керек!
«Кітапхана - табыс аумағы»
15 қыркүйекте кітапхана қонақжай ашылып, «Кітапхана - табыс аумағы» кітапханасының ашық есік күнін өткізді. Колледж студенттері кітапхананың пайда болу тарихы, әлем кітапханалары туралы қызықты деректерді біліп, «Бұл қаншалықты бұрыннан болған» ақпаратының сағатына барды.
Мақсаты: оқушылардың ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тұрақтылықтың, ұлтаралық бірліктің кепілі және қазіргі заманның көрнекті саясаты ретіндегі қызметі туралы білімдерін кеңейту.
Міндеттер:
балалардың азаматтық және патриоттық сезімдерін дамыту;
өз елінің рәміздеріне, оның тарихына, дәстүріне, өз отандастарына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңға қол қойды. Бұл іс-шара Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде конституциялық тіркелуін аяқтады, жаңа тәуелсіз мемлекеттің шынайы егемендігінің бастауы болды.
Елбасы Н.А. Назарбаев: «1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан мүлдем жаңа тарихты бастады. Біз, қазақстандықтар, ұлт өрлеуінің қазақ дәуірінің негізін қалаушылар мен бастаушылар болдық . Бұл біздің асыл уақытымыздың және біздің барлық ұлы жетістіктеріміздің ең дәл атауы».
2021 жылды Президент Тәуелсіздіктің 30 жылдығы жылы деп жариялады.
ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы болып табылады.
Тұңғыш Президенттің жетістіктері халық тарапынан үлкен құрмет пен сенім тудырады.
Ерлік поэзиясы. Жамбыл Жабаев (Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына кітапханалық сабақ)
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ұлы ақынның өмірлік және шығармашылық жолымен, соғыс жылдарындағы импровизация-өлеңдердің тақырыбы мен идеялық мазмұнымен таныстыру. Жамбылдың өмірі мен қызметі үлгісінде оқушыларды патриоттық, ар-намыс, батылдық, адамгершілік, белсенді өмірлік ұстанымға тәрбиелеу.
Сабақты безендіру: мультимедиялық презентация, кітап көрмесі.
Құрал-жабдықтар: Жамбыл портреті, ақынның фотосуреттері бар стенд, слайдтар, журнал материалдары, интерактивті тақта.
Іс-шара барысы.
Жүзге кеп бақыт тапқан ақын Жамбыл,
Дүниеге түгел кеткен атың Жамбыл.
Тілекке көл аңсаған бүгін жеттің,
Далада жасасаң да ғасыр Жамбыл.
Халыққа үшін төрге төсеп төсек етер,
Ағарған сақалы мен шашы Жамбыл.
Көтерген көкке төбе тірелгенше,
Иеді көпшілікке басын Жамбыл.
Түстіктегі Жамбыл тауының бөктерінде, боранды ақпан айында осыдан бір жарым ғасыр бұрын дүниеге ақын келіп, кейін әлгі тауды да, бүкіл қазақ халқын да жалпақ жаһан, айдай әлемге жария етті.
Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Жамбыл Жабаев 175 жасқа толып отыр. Халық поэзиясының алыбы атанған Жамбылдың есімі дүние жүзі халықтарына кеңінен мәлім. Жамбыл медресе-мектептің есігін ашып, қолына қалам ұстап, жазу- сызуды білмесе, де жастайынан домбыра тартып, жыр жаттады, қазақ халқының сөз өнерін үйренді, кейін ақындығымен елге әйгілі жыршы атанды.
Ол «Көрұғлы», «Мұңлық-Зарлық», «Шаһнама», «Қыз Жібек» сияқты үлкен дастандарды бірнеше апта бойы жырлаған.
Жамбыл екі заман тұсында өмір сүрді. Екі дәуірдің куәсі болған ақын өз көзімен көрген өмірдің бар шындығын жырлады.
Жамбыл Жабаев қазіргі Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы, Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы 28 ақпанда көшпелі кедей отбасында туған.
Қақаған қар аралас соғып боран, Ел үрей-көк найзалы жау торыған. Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын Жамбыл деп қойылыпты атым содан.
Жастайынан өлеңді қолма - қол жанынан шығарып айтатын болған. Қаршадай баланың өнеріне сүйінген атақты Сүйінбай ақын оған ақ батасын берген.
Екі ғасырдың куәсі, жыршы - жырау, халық ақыны, ірі айтыскер ақын, «Халық поэзиясының алыбы», «Жамбыл – менің жай атым, халық - менің шын атым» деген ұлы тұлға. Қазақтың ұлы ақыны Жамбыл жүз жасаған ақын.
Жамбыл – ақыл ойдың алғыры, өзгеге ұқсамайтын дара, оқшау бет – бейнесі аса зор құбылыс. Оның бір өзі әрі эпик ақын, әрі айтыс ақыны, әрі азаматтық әуеннің де ақыны деген.
«Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сықылды. Оны жинап алып, халқының қолына беру - біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз», деген екен С. Сейфуллин.
Ал Ілияс Жансүгіров өз кезегінде Жамбыл жырлары Бұғымүйіз, Бесмойнақ жайлауларының гүліндей алуан түрлі. Хош иісі күншілік жерден аңқып тұрады. Ақын жырын тыңдаған сайын, көк жайлауға әсер аласың деген.
Сәбит Мұқанов: «Жамбыл - жүз жасаған адам, соның 85 жылы ақындықпен өтті. Ол әлеуметтік және жеке өміріндегі сөзінің көбін өлеңмен сөйлеген кісі деген. Жамбыл ардақты ұлы Алғадайдан айырылса да, қажымай Алғадайдың баласына бесік жырын арнайды».
1941-1945 жылдар біздің Отанымыз үшін ең ауыр жылдар болды. Гитлер бастаған неміс басқыншылары соғыс жарияламай жерімізге енді. Нева жағасындағы Ленинград қаласы 900 күн қоршауда қалды. Халқымыз үшін бұл күндер – зұлмат күндер болды. Осы қайғылы жағдайға байланысты Жамбыл өзінің «Ленинградтық өренім» атты өлеңін арнады.
Ленинградтық өренім. Мақтанышым сен едің.
Нева өзенін сүйкімді
Бұлағымдай көремін
Жабықпағын, Ленинград!
Отан әмір берген шақ.
Сап-сап болып қол барап,
Қорғап сені ол қалар...
Жамбыл ауыр қайғыдан кейін басын көтеріп, өз жолдастарының қатарына қосылғанмен де оңала алмайды. Өнер адамдарымен де кездеседі. Өз домбырасын Нұрғиса Тілендиевке бере тұрып: «Мына, қасиетті қара домбыраның киесі сенде болсын. Осыны көзіңнің қарашығындай сақтап, қазақтың қара домбырасын бар әлемге асқақтата паш ет» деп, батасын береді.
Нұрғиса Тілендиев Жамбыл аманатын ұрпақтар сабақтастығы ретінде қазақтың қара домбырасын айдай әлемге паш етіп, Жамбыл атамыз сияқты артына өшпес мол мұра қалдырып кетті.
Жеңіс жырын естіп, ауыр қайғыдан кейін Жамбыл атамыз 1945 жылы 22 маусымда 7 сағат 55 минутта дүниеден өтті. Жамбыл атамыз өлсе де, аты өлген жоқ, хаты өлген жоқ. Жамбыл өлеңдері, жырлары әрқайсымыздың жүрегімізде соғып тұр.
Жамбыл - өмірімен де, шығармышылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау. 13-14 жасынан бастап сөзінің көбін өлеңмен айтқан ақынның XIX ғасыр шегінде шығарған өлең-жырлары мен айтыстары да өте мол болған. Олардан дәуір шындығы, Жамбылдың ақындық мұраты мен зор таланты айқын танылады. Ерлікті, елдікті дәріптеген, халықтың жоғын жоқтап, әлсіздерді күштілердің зорлығынан арашалаған, әділдікті, бостандықты жыр еткен көркем де қуатты поэзиясымен Жамбыл XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінде көрнекті орын алады.
«Адам нәсілін жер бетінде баяндатып тұрған бірден-бір күш -
мейірім мен рақым ғана»
Әбіш Кекілбаев
«Мейірімді болу оңай, әділ болу қиын»
Виктор Гюго
Жақсылық, мейірімділік, басқа адамдардың сезімдеріне жанашырлық көрсете білу адам бақытының негізін құрайды. Бұл туралы біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырда ежелгі грек философы Платон "Басқалардың бақыты туралы тырысып, өзіміздің бақытымызды табамыз" деп мәлімдеді. "Мейірімділік" ұғымы нені білдіреді? Мейірімділік сөзінде "мейірімділік" және "жүрек" деген екі маңызды рәміздер жазылған. Шын мәнінде, бұл жақындарына деген мейірімділік, мейірімділік пен көңіл-күй сезімі.
Мейірімділік, қайырымдылық қоғамда мәдениет пен руханияттың дамуына ықпал етті, өскелең ұрпақта отансүйгіштік, адамгершілік сияқты үздік қасиеттерді дамытты. Ол ұрпақтан ұрпаққа берілмейді, адамның өзіне, мұқтаж жандарға көмектесу ниетіне байланысты.
Кітаптың адам өміріндегі рөлі зор. Онсыз біздің қоғамның білімі де, мәдениеті де мүмкін болмас еді. Кітап адамзаттың ғасырлар бойы түрлі салаларда жинақтаған дүниелерін өзінде сақтайды.
Кітап бізді бір-бірімізге мейірімді, жұмсақ болуға үйретеді, мейірімділікке, көңіл айтуға үйретеді. Ол қалыптасқан жағдайдан шығуға көмектесетін жалғыз шешімді табу қажет болған қиын сәтте біздің адал досымызға айналады. Кітаптың ғибадатханасына - кітапханаға келіңіз, сонда сізге қайтадан керемет және ғажайып дүние ашылады!
Антуан де Сент-Экзюперидің "Маленький принц" философиялық ертегісі жазушының идеяларының ең ақындық көрінісі болып табылады. Оның үстінен күлімсіреп, мұңайып, ең бастысы - сөзсіз ойланасың. Өйткені Экзюперидің айтқан ертегісі тек лирикалық, жақсы, сезімтал емес. Бұл ертегі - дана, адамгершілік, ол парызды, адалдықты, достық пен махаббатты, өмірге, адамдарға деген ыстық ықыласын білдіреді.
Жамандыққа деген бітіспеушілік туралы, сондай-ақ Жер ғаламшарында әлі де онша қалыптаспаған, кейде жаман, бірақ біздің сүйікті және жалғыз ғаламшарымызда қандай адам болу керектігі туралы.
Ертегінің финалында өлімге себеп болады. Өлім сөзсіз, дейді Кішкентай ханзада. Бірақ өлім адам өмірін мағынадан айырады деп есептеуге бола ма? Кішкентай ханзада да ондай ойламайды. Ол адамды өлімнің сөзсіз болуымен татуласуға мәжбүрлейді де, ұшқышқа оның, Балаға өз ғаламшарына қайтып оралмайтынына сендіреді.
Кішкентай ханзада ұшып кетті, бірақ әрқашан Түлкі сыйлаған заңдарды жүректен қабылдаған адамдарға қайта оралады.
Ол адамдардың жүрегін тірі сумен толтырады, бұлақ сияқты, онда махаббат отын, мейірімділік отын өртейді, және миллиондаған оттар сүйіспеншіліктің жарқыраған отына құйылады. Ал жер бетінде мейірімділік жүріп жатыр. Ең мейірімді заңдар өмір сүретін мейірімді жүректен де әдемі не болуы мүмкін?
Табиғат пен жануарлардың бейнесіне арналған кітаптарды еске түсіріңіз: М. Пришвиннің "Кладовая солнца", И.С. Тургеневтің "Муму", А. Куприннің "Белый пудель ", И.С. Тургеневтің "Бежин луг" және т. б. Бұл шығармалар табиғатқа деген сүйіспеншілікті білдіреді, олар бізді табиғатпен достасуға сендіреді, барлық тіршіліктің қамқорлыққа, махаббатқа және қорғауға құқығы бар. Жануарларға арналған кітаптар тек олар туралы кітаптар ғана емес, онда адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінездері мен тағдырлары ашылады.
Міне, Гавриил Николаевич Троепольскийдің "Белый Бим Черное Ухо", бір қарағанда, ит шығармада көп көңіл бөлген, бірақ бұл әңгіме тек ол туралы ғана емес.
Автор бұл кітаптың басты мақсатын былай түсіндірді: "Оқырман менің Биммен біраз уақыт араласып, ішіне кіріп, аздап болса да жақсылық пен тазалыққа айналса деймін…". Г. Троепольский туған табиғаты, бүкіл тіршілікке деген сүйіспеншілігі туралы үлкен қамқорлықпен жазады. Оның "Бим" - адам өмірі мен тағдыры туралы ойлаудың қорытындысы. Кітап жарқын және мейірімді сезімдерді оятады, жақсылыққа көмектеседі, жерге жақсылыққа шақырады.
Бұл кітап тек мейірімділік пен қайырымдылық, ізгілік пен кемсітушілік туралы ғана емес, сонымен қатар табиғатқа деген ұқыпты көзқарас туралы.
Алғаш рет Владимир Карпович Железниковтың "Чучело" әңгімесі отыз жыл бұрын жарық көрген "Чучело" кітабының кейіпкерлерінен мыңдаған қыздар мен ұлдардың өздерін танығандығының арқасында танымал болды. Кітап бойынша аттас фильм түсірілді. Ленка Бессольцеваны сыныптастары ұқсамағаны, эксцентриктілігі мен аңғалдығы үшін "Қарақшы" деп атады. Бірақ қатыгез және назарсыз балалармен кигізген жапсырманың астында ыстық және сүйікті жүрегі бар, ерекше ерлік пен адал мінезді нәзік, асыл жаратылыс жасырынып тұрды.
Әлемде балалар мен ересектер арасында ұқсас жағдайлар көп кездеседі, бірақ барлығы әділетсіз қатыгез көпшілікке қарсы күреске кірісе алмайды, тіпті жеңіске жете алады, ал Ленканың қолынан келді.
Алғаш рет 1886 жылы жарық көрген "Слепой музыкант" әңгімесінде Владимир Галактионович Короленко адам бақыты деген не деген сұраққа жауап іздейді. Әңгіменің кейіпкері - туғаннан соқыр бала - өзінің соқырлығын бақытсыздық деп қабылдамады, ал қамқор туыстары мен достарының көмегімен өмір жолын таңдап, атақты музыкант бола алды. Өмір әрқашан әділ бола бермейді, бірақ тағдыр қандай сынақтар жіберсе де, шыдамдылық танытып, қолда бар нәрсеге қуану керек.
Бақыт адамның ішінде, ол сыртқы көріністерге байланысты емес. Ештеңеге, ұсақ-түйек нәрселерге қуануға және өмірдің барлық сұлулығы мен тереңдігін толық сезінуге болады.
Бұл даналықты бас кейіпкер тапты, сөйтіп, ашу-ызадан құтылды. Физикалық жетіспеушілік қоршаған әлемді сезінуге және түсінуге кедергі болмайды. Ол үшін ашық жан мен сезімтал жүрек қажет.
Анатолий Приставкиннің"Ночевала тучка золотая " әңгімесі – соғыс кезіндегі екі жетім бауырлас туралы өте қайғылы оқиға. Олар әлі бала, бірақ оқығанда жүректің қысылатыны соншалықты болды! Бұл шынайы оқиға. Приставкин бізге ағайындардың достығы мен махаббатын, адалдығын суреттейді. Балалар бірігіп тамақ іздеп, оны басқа балалар үйінен жасырып, бір-бірін қорғады. Олардың тағдыры балаларға қауіп төніп тұрған басқа тұрғылықты жерге ауыстырылады. Ұлдар аналарын алмастыратын әйелге өзінің әдептілігімен және сүйіспеншілігімен байланысады. Олар үлкен құрбандыққа барады және сатқындық жасайды. Ең әсерлі сахна - ағайындардың қоштасуы. Бәріне оқуға кеңес береміз!
Кек алу ниеті - түрлі дәуірлердегі адамдарға таныс сезім. Оған қарсы тұру өте қиын болуы мүмкін. Балалар, сізге таңдаудың қиын жағдайында көрінетін көркем туындының тағы бір кейіпкерімен танысуды ұсынамыз: қиянат жасаушыдан кек алу немесе осы тілектен бас тарту. Ренжіген адам қандай сезімді меңгереді? Кек алу немесе кек алудан бас тарту түпкілікті шешім неге байланысты? Дәл осы сұрақтар Владимир Солоухиннің "Мститель" әңгімесінде басты назарда.
Америкалық жазушы Элинор Портердің "Поллианна" роман-бестселлері - "Гарри Поттердан" бұрын әлемді дүрліктірген балалар кітабы. Поллианнаның әкесі, Інжілден келген 800 қуанышты жерді білетін діни қызметкер, әлі тірі кезінде қызына құнсыз сыйлық берді - ол оған Қуаныш ойынын үйретті.
Оның үстіне қуану қиындау болған сайын, ойын соғұрлым күрделі әрі қызықты болды. Содан кейін ол Поллианнаға өмірінде қатты көмектесті, әкесі қайтыс болғаннан кейін ол өзінің ашулы апасының үйіне қоныстануға тура келді. Қыздың мейірімді жаны қоршаған әлемді және оны мекендеген адамдарды өзгертті.
Алғаш рет 1960 жылы жарық көрген "Убить пересмешника" романы үлкен жетістікке жетіп, бірден бестселлер атанды. Бұл таңқаларлық емес: Харпер Ли (1926-1975) Марк Твеннің сабақтарын меңгергеннен кейін өзінің жеке баяндау стилін тапты, ол оған ересектердің дүниесін баланың көзімен көрсетуге мүмкіндік берді, оны оңайлатпай және тамақтандырмай.
Романның басты кейіпкері адвокат Аттикус Финч - ең жоғары адами қасиеттердің тасымалдаушысы. Ол әділ, асыл, бәрінде де өзінің ұстанымдарына адал, шынайы батыл.
Аттикус Финчтің өз балаларымен қарым-қатынасы, мейірімді, ақылды, мұқият ересектердің балаларға деген көзқарасы - бұл кітаптың ең мықты тәрбиелік жақтарының бірі.
Мейірімділік, жанашырлық, жауапкершілік сезімін бала кезінен тәрбиелеу керек. Сыныптағы жолдастарыңызға, үйдегі көршілеріңізге қараңыз. Бәлкім, олар да сіздің көмегіңізді, қолдауыңызды, мейірімділігіңізді қажет ететін шығар. Үлкендерге, балаларға, жануарларға әрқашан мейірімді болыңыз және олар сізге ризашылықтарын білдіреді.
"Мейірім, ынсап, әділет, адал еңбек, таза жүрек, тату дос - өмірінде өкіндірмес қасиеттер осылар" - Шәкәрім Құдайбердіұлы осылай деді.
Кітапханамен танысу
Кітап және шығармашылық. Шетелдік суретші-иллюстраторлар тақырыбы бойынша презентация.
Шоқан Уалиханов
Әбу Насыр Әл-Фараби 1150 жыл
Әбу Насыр Әл-Фараби - ұлы ғалым, ойшыл философ, математик, астролог, музыка теоретигі. Әскербасының отбасында дүниеге келген. Отырар медресесінде, Шаш, Самарқан, Бұхара, кейін Харран, Мысыр, Халеб (Алеппо), Бағдат шаһарларында білім алған.
Әбу Насыр Әл-Фараби — түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, “Әлемнің 2-ұстазы атанған ғұлама. Оның заманы “Жібек жолы” бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді. Әбу Насыр Әл-Фараби Орта Азия, Парсы, Ирак, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 150-ге тарта трактат жазып қалдырды. Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады (Аристотельдің “Метафизика”, “Категория”, “Бірінші және екінші аналитика” сияқты басты еңбектеріне түсіндірмелер жазған). Арабтың атақты ғалым-географы ибн-Хаукал өзінің “Китаб Масалик уә мамалик” атты еңбегінде және 13 ғасырлырда өмір сүрген ибн-Халликан өзінің “Уфиат әл-аиан фи әл-Заман” атты еңбегінде Әбу Насыр Әл-Фарабидің арғы аталарының аттары (Тархан, Ұзлақ) таза түркі тілінде келтірілген. Болашақ ғалым алғашқы сауатын туған жерінде өз тілімен ашса да, 12 — 16 жас шамасында керуенге ілесіп, білім іздеп Бағдатқа кетеді.
Әбу Насыр Әл-Фараби дүниеге келгенге дейін 126 жыл бұрын түркілердің үлкен мәдени орталығы болған Фараб қаласы бейбіт жолмен ислам дінін қабылдаған болатын. Ол кез санасы ашық әрбір мұсылманға ислам діні ғылымымен шұғылдануды парыз еткен. Осы кезден бастап Әбу Насыр Әл-Фараби араб тілді ғалым болып есептеле бастады.
Әбу Наср Әл-Фарабидің жас кезінен Бағдатқа баруының мынадай екі сыры бар. Біріншіден, сол кездегі Бағдат халифатын басқарған Аббас әулетінің сенімді уәзірлері негізінен түркістандық Фараб қаласынан болған. Екіншіден, Бағдат шаһары ғылым мен өнер жолына бет алған адамдарға қақпасын кең ашып, барынша жағдай жасаған. Бағдатта “Баит әл-хакма” атты ғалымдар үйі және әлемдегі ең бай кітапхана болған. Алғашқы кезде Әбу Наср Әл-Фараби өзін ақын, әнші, күйші ретінде танытып, одан соң ежелгі грек ғалымдарының қолжазбаларын оқу арқылы күрделі ғылыми зерттеулермен шұғылдануға кіріскен. Фарабидің алғашқы ұстаздары Иса пайғамбарды “құдайдың баласы” демей, “пайғамбар” деп таныған несториандық христиандар болған. Ежелгі грек ғылымы мен араб ғылымының арасын қосқан осылар еді. Әбу Наср Әл-Фараби дүниетанымы — екі әлемнің: көшпелілер мен отырықшылар өркениетінің және Шығыс пен Грек-Рим мәдениетінің өзара байланыстарының нәтижесі. Әбу Наср Әл-Фараби заманының әлеуметтік-саяси көзқарастарын, тіл мәдениетін, философиялық-гуманитарлық (философия, логика, этика, эстетика, саясат, социология, лингвистика, поэзия, шешендік, музыка) және жаратылыстану (астрономия, астрология, физика, химия, география, космология, математика, медицина) ғылымдары салаларын терең меңгеріп, осы бағыттарда өзі де құнды ғылыми жаңалықтар ашты.
Әбу Насыр әл-Фараби - Аристотельден кейінгі ойшыл, кемеңгер философ. Ертеде және орта ғасыр да философиялық және медициналық білім бірімен-бірі тығыз байланысты болған. Әл-Фарабидің медицина ғылымдарының теориялық мәселелерін терең білгендігі оның еңбектерінен белгілі. Әл-Фараби өмір сүрген заманда жаратылыстану ғылымының дамыған саласының бірі медицина болды. Оны сол кезде «емдеу шеберлігі ғылымы» деп атады. Ол «Медицинаның міндеті - тек адам ауруларының себептерін анықтап қоймай, адамның денсаулығын сақтау жолдарын, ауруды жою жағын да зерттейді» - деп көрсеткен. Әл-Фарабидін медицинаға ерекше көңіл бөліп адам ағзасының (организмінің) кейбір тұстарын зерттегенінен мысал келтірейік: «Қайырымды кала» еңбегінде жүрек туралы өте құнды пікірлер айтқан, мысалы, «жүрек - табиғи жылылыктың көзі». Басқа мүшелерге жылылық нақ осыдан тарайды, олар жүректен нәр алады; «жүрек - басты мүше, мұны тәннің ешкандай мүшесі билемейді» және т. б. Шынында да, жүрек жұмысы өздігінен жүзеге асады. Жүректің соғуын ешкім токтата алмайды. Әл-Фараби тек өз пікірлерін айтып қана қоймай, ұлылардың ұлысы Аристотель, К. Галеннің зерттеулеріне өз көзқарасын білдірген. Әл-Фараби - артына ірілі-ұсақты 150- ге жуық ғылыми еңбек қалдырған данышпан. Жаратылыстануға катысты «Адам ағзасындағы мүшелер», «Жануарлар ағзасындағы мүшелердің күрылысы мен қызметі» және т. б. еңбектер жазған.
Сергей Есенин өмірбаяны мен шығармашылығы / Сергей Александрович Есенин – 125 жыл
Сергей Есенин 1895 жылы 21 қыркүйекте (3 қазан) Константинов селосында дүниеге келді. Әкесі Александр Никитич Есенин, анасы Титова Татьяна Федоровна. Үш жасар кезінде нағашы атасы мен апасының тәрбиесіне берілді. Олар Константинова селосының бір бөлігі Матовта тұрады. Атасы Федор көңілді, ақылды, байыпты шаруа еді. Атасы мен апасы да діншіл, салтшыл еді. Ескі өлеңдер, ертегі көп білуші еді. Міне, осындай мейірім толы ортада Сергей тәрбие көрді. Есенин: «...Я рос в атмосфере народной поэзии. Бабка, которая меня очень баловала, была очень набожна, собирала низщих и калек, которые распевали духовные стихи. Еще большее значение имел дед, который сам знал множество духовных стихов наизусть и хорошо разбирался в них. Из – за меня у него были постоянны споры с бабкой. Она хотела, чтобы я рос на радость и утешение родителям, а я был озорным мальчишкой. Оба они видели, что я был забиякой, его радовало. Вообще крепкий человек был мой дед».
Бірақ, осы дінге табынып, церковқа барып жүретін ата – анасының ортасында өссе де Есенин құдайға сенбейді. 5 жасында Сергей оқып үйренеді. «Книга не была для нас исключительным и редким явлением, как в других избах», - деп есіне түсіреді ақын. 9 жасында ол Константиновадағы төрт жылдық училищені бітіреді. 8-9 жасының өзінде – ақ ол өлең жаза бастайды. Оқуын бітірген соң оны ата – анасы Спас – Клепиков атты церковно – учительдік мектепке жібереді. Онда тек мұғалім емес, сонымен діни адам да болу қажет еді. Ал Сергей оған талпыныс жасаған жоқ. Бірақ, мектепті «4» - пен «5» - ке бітіріп шығып, тек дін сабағынан әрқашан да бағасы «3» еді. Осы мектеп қабырғасында ол шындап өлең жазуға кіріседі. Ол: «...Сознательное творчество отношу 16 – 17 годам», - деп жазады. Сол кезде, бірінші сыныпта ол «Маковые побаски», «Что прошло – не вернуть...», «Восход солнца» «К покойнику», «Песня старика разбойника» т. Б. өлеңдерін жазады. Жазған өлеңдерін өзінің сүйікті, өлеңге сын көзімен қарайтын ұстазы Евгений Михайлович Хитровқа қаратып, тексеретін. Сол Хитров Сергейге ақын болғың келсе Ресейдің ірі қалаларының бірі Москва немесе Петербургқа жетіп ал дейді. Есенин өзі де соған талпынады. Москвада Есенин ақын Сергей Кошкаров басқарған Суриковский литературно – музыкальный кружокқа кіреді. Өлеңдерін жазып, көзге түсе бастайды. Демократиялық бағыттағы ереуілдерге қатысады. Осы туралы Есенин досы Григорий Панфиловқа хатында: «Пеяальные сны охваили мою душу... Злой рок обманул, и деспотизм еще будет владычествовать, пока не загорится заря.
Сейчас пока меркнут звезды и расстилается тихий легкий туман, а заря еще не брезнит, но всегда перед этим или после этого угасания владычества ночи, всегда бывает так. А заря недалека, и за нею светлый день...» - деп болашаққа үміт етеді. 1914 жылы Есениннің төрт өлеңін, соның ішінде «Береза» балалар журналы «Мирокта» басылады. Ал большевиктік газет «Путь правды» Сергейдің «Кузнец» өлеңін басып шығарады. Есениннің атының шығып, өлеңдерінің басылуына Александр Александрович Блок әсер етеді. Блок Сергейді көргеннен – ақ ақынның өлеңдерімен, оның ішкі дүниесімен, өткені мен болашағын білуге қызығушылық танытады. Блок Есенин өлеңдері туралы: «Стихи свежие, чистые, голасистые, многословный язык», - дейді. Соғыс жылдары Есенин «Новый журнал для всех», балалар журналы «Задушевное слово», «Голос жизни», «Русская мысль» журналдарында өлеңдерін жариялайды. Өмірінің соңына дейін осы аса ірі ақын өлең жазумен айналысты. Өз атын ол тек Ресейге ғана емес, Грузия және т.б. елдерге паш етті. Оқырмандар ақын өлеңдерін сүйіп, құмарлықпен оқиды. Н. Накоряков ол туралы: «Так, в тесном содружестве автора и работников отдела родилось первое собрание сочинений Есенина. Мы не ошиблись: издание мгновенно разошлось и еще более укрепило слову Есенина, слову одного из лучших лирических поэтов нашего времени», - дейді.
Бала кезінен – ақ Сергейдің дүниеге көзқарасы табиғатпен өте тығыз байланыста болады. Өсімдіктер, жануарлар, өзен, аспан бәрі – бәрі Есенин үшін тірі, бойларында әсем сезімдері бар жандардай көрінеді.
Терезе алдында өсіп тұрған қайыңды суреттеуі осының куәсі:
Белая береза
Под моим окном
Принакрылась снегом
Точно серебром немесе үйеңкі келбетін:
Үйеңкім – ау, жапырағың мұз – қыраумен ауысып,
Ақ боранда не ғып тұрсың дір – дір етіп майысып
Бірдеңе сен көрдің бе, әлде? Бірдеңе әлде ұқтың ба?
Ауыл үшін жалғыз өзің қыдыруға шықтың ба?
Тек табиғат әсемдігіне, әдемілігіне сүйсіну ғана емес, Есенин б оыйнда жеріне, еліне, Отанына деген ыстық махаббат, сүйіспеншілік толы еді. Көтеріліс, сұрапыл соғыс, халықтың ауыр жағдайы ақын жанын күйзелтіп, жаралы жаннан шыққан жаңа өлеңдер тууына себепкер болады:
О, Русь – малиновое поле
И синь, упавшая в реку, -
Люблю до радости и боли
Твою озерную тоску…
немесе
Ой, ты Русь, моя родина кроткая,
Лишь к тебе я любовь берегу.
Весела твоя радость короткая
С громкой песней весной на лугу.
және де:
Селеу менен жұпар жусан аралас
Жер тұрғанда, сөз болып па қара бас!
Ешқашан да бөтен Отан, басқа Отан
Жүрегіме жылу болып тарамас.
Айдың нұры ақ бырымын өреді.
Талы жылап, сыбдырлайды терегі
Жыл құсындай ұшып – қонбай біздің жұрт,
Не болса да туған жерде өледі...
Ақынның Отанға деген, табиғатқа деген махаббатқа толы жүрегі нәзік жандар – ару қыздар, әйелдерге деген ыстық сезімге де бай еді:
Айналайын!
Мұңға толы көзіңді
Көрген кезде
Жүрек бәрін сезеді
немесе
Ұмытқам жоқ, сүйіктім,
Нұрға толы көзіңді
Болдым әбден күйікті
Тастаймын деп өзіңді.
Гүлдеген бақ күн менен
Оятты ескі жырымды:
Безендіргем гүлменен
Бұйра – бұйра бұрымды
тағы да:
Сүйші, сүйші қалқажан,
Күйіп – жанып, елжіреп
Мұз төзіммен ата жау
Лапылдаған от жүрек.
Сүйікті қызына:
Жаным, ұзақ еглідім өзіңді ойлап,
Дөңбекшиді сағыныш сезімде ойнап,
Егілгенде елжіреп ыстық сөзден,
Інжу моншақ бөлініп түсті көзден...
Сол моншақты жібіңе, қалқам, іліп!
Мойыныңа тағып жүр алқа қылып!
Есенин адам өмірді сүймесе, тірі жүріп қажеті де жоқ деген көзқараста болды. Есенин өмірді сүйу – ол желдің ыстық лебін аялы алақандай сезіну, жарқыраған аспандағы күннің күлкісін, шад – шадымын есту, мйң бұралған теректердің биін тамашалау, өсімдіктер мен құстардың әнін тапжылмай тыңдау еді. Осы сезімдерден бойға күш, қуат жинау еді. Петр Орешин: «Сергей Есенин был певцом человеческой юности...По предствалению и размышлению Есенина – жизнь должна объязательно быть молодой и здоровой. Без этого юнешоского задора, без этой естественной молодости – жизни по Есенину нет», - дегеннің өзінен біз Есениннің дүниеге қандай көзқараста болғанын, өмірді қайтып қабылдағанын көреміз.
Сергей Есенин Ленинградта «Англетер» гостиницасында 1925 жылы 28 желтоқсанда асылып қайтыс болады. Ю. Либединский: «Перед тем как отнести Есенина на Вагоньковское кладбище, мы обнесли гроб с телом его вокруг памятника Пушкину. Мы знали, что делали, - это было достойный преемник пушкинской славы». Ал, Алексей Толстой: «Погиб величайший поэт... Его поэзия есть как бы разбрасывание обеими пригошнями сокровищ его души. Считаю, что нация должна надеть траур по Есенину», - дейді қынжыла.
Қазақтың біртуар ұлы, кеңес одағының батыры, екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег, тактик әрі жазушы Бауыржан Момышұлы 1910 жылы 24 желтоқсанда Жамбыл облысы Жуалы ауданы Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. Әкесі ұста, етікшілік пен зергерлікті кәсіп етіп қана қоймай, кирилл әліпбиін өз бетінше меңгерген адамдардың бірі болған. Анасы Рәзия дүниеден ерте өткендіктен, Бауыржан 3 жасынан бастап әжесі Қызтумастың қолында тәрбиеленеді.
Бауыржан Момышұлы өмірінде бірнеше рет шаңырақ көтеріп ажырасқан. Бірінші әйелі Бибіжамал Мұқанқызынан Бақытжан есімді ұлы дүниеге келген. Ұлы да жазушылықпен айналысқан. Ал екінші әйелі Вера Строева батырдың әдебиетке келуіне себепші болады. Бұдан кейін Клавдия Коркина есімді сыған қызымен отау құрып, одан Елена есімді перзент сүйеді. Тағы бір әйелі Бақытжамал Қалибекқызымен 13 жыл бірге болған. Жалғыз ұлының әйелі – Зейнеп Ахметова Бауыржанкеліні. Ол қазақы дәстүрлерді әлі күнге дейін насихаттап, қайын атасы туралы естелік кітаптар мен мақалалар жазды.
Бауыржан Момышұлы мектепті үздік бітірген
1921 жылы Бауыржан Момышұлы Аса интернатына оқуға түсіп, кейін 1924 жылдан бастап Шымкент қаласындағы жеті жылдық мектепке ауысады. Ол Құрманбек Сағындықов және Әбділда Тәжібаевпен мектеп қабырғасында бірге білім алған.
1928 жылы мектепті үздік бітіргеннен кейін Орынбор қаласындағы қазақ педагогикалық институтында білім алуды жалғастырады. Алайда көп ұзамай тұрмыстық жағдайына байланысты ауылына қайтуына тура келеді. Институт директоры Тоқтыбаев оның суықта жұқа киіммен жүргенін көріп, бухгалтерия арқылы қағаз жаздыртып береді. Кейін осы жазылған қағазбен студент Бауыржан ақша алып, ауылына қайтады.
1928-30 жылдары бастауыш мектепте мұғалім; аудандық атқару комитетінің жауапты хатшысы қызметтерін атқарып, 6 ай уақыт милицияда жұмыс істейді. Атқару комитетінде ерекше көзге түсіп, Тимофей Дубовиктің қолдауымен Шымкент өнеркәсіп банкіне қаржыгер болып жұмысқа тұрады. Осы жерде жүріп республикалық банк меңгерушісінің жолдамасымен Ленинградтағы қаржы академиясы жанындағы бір жылдық курсты тәмамдайды. Біліктілігін көтергеннен кейін КСРО өнеркәсіп банкінің республикалық басқармасына аға консультант ретінде тағайындалады. Кейін әскери борышын өтеуге шақырту алады. Әскерде бір жарым жыл жүріп запастағы командир атағын иеленеді. Осыдан кейін ауылға келіп қаржы мекемесінде жұмыс істеп жүргенінде қызыл әскер қатарына шақырылады.
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен майор И.В. Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316-атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанып, жауға қарсы шайқасады. Соғыста жүріп өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шығып, 5 рет жау қоршауын бұзып, негізгі жауынгерлік құрамымен дивизиясына аман-есен қосылады. Бауыржан Момышұлының тактик және стратег қасиеттерінің арқасында "ошақты", "икемді қорғаныс" деген жаңа ұғымдар қалыптасты. Ол әскери психология мен педагогиканы байытуда баға жетпес мұралар қалдырды. Оның көптің бойынан табыла бермейтін бірегей қасиеттерін еврей, неміс, чех, француз және ағылшын тілдеріне аударылған Александр Бектің "Волоколам тасжолы" атты кітабынан көруге болады.
Соғыстан кейін Бауыржан Момышұлы 1946-48 жылдары Ворошилов атындағы әскери академияның тыңдаушысы; 1948-50 жылдары 49-атқыштар бригадасы командирінің орынбасары қызметін атқарады. Кейін 1952 жылы кеңес армиясы бас штабының жанындағы жоғары әскери академияны тәмамдайды. Бес жыл студенттерге ұстаздық етіп, 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан соң елге оралады. Елде біраз уақытқа дейін жұмыс таба алмай, түбегейлі шығармашылыққа бет бұрады.
Соғыста жүрген шағында да "Жардың мұңы", "Ғ-ға", "Ана тілін ардақта", "Досыма", "Толғау", "Серігім", "Жазушыға", "Қалыбек аға", "Біреулерге", "Омарбекке" сынды өлеңдер жазған. Ал көрген-білгендерін арқау еткен кітаптары 1952-56 жылдары "Офицердің күнделігі", "Бір түннің тарихы", "Біздің семья" аттарымен басылып шықты. Батырдың қаламынан туған бұл шығармалар қалың оқырманның іздеп жүріп оқитын туындыларына айналып, бірнеше рет қайта басылып шығады.
Фидель Кастродан келген шақырту
1962 жылы Фидель Кастроның шақыруымен Куба еліне сапарға барып, оның інісі Рауль Кастромен кездеседі. Сол жақта әскери қызметшілерге дәріс оқып, кейін осы сапары туралы "Куба әсерлері" атты кітап жазады. Қазақтың дара туған батыр ұлы Фидель Кастро мен Эрнесто Че Гевараның үлгі тұтқан тұлғасы болған.
Бауыржан Момышұлының "Әділет қашан да жеңеді, ол кешіксе де келмей қоймайды" деген сөзі шындыққа айналып, 1990 жылы туғанына 80 жыл толуына орай кеңес одағы батыры жоғары атағы берілді. Сондай-ақ соғыс жылдарында 1942 жылы 6 маусымда "Қызыл ту" орденімен; 1944 жылы 6 маусымда "Мәскеуді қорғағаны үшін" медалімен; 1945 жылы шілдеде 1 дәрежелі "Отан соғысы", "Құрмет белгісі" ордендерімен, "Қызыл жұлдыз" орденімен 2 рет марапатталды.
Бұдан өзге соғыс жылдарынан кейін 1970 жылы "Еңбек Қызыл ту" орденімен, "Құрмет белгісі" орденімен марапатталып, 2000 жылы "Ғасыр адамы" деп танылды.
2010 жылы 14 қыркүйекте Алматы қаласында "Қазақтың Бауыржаны" атты деректі фильм көпшілікке таныстырылды. Оны үкіметтің тапсырмасымен батырдың 100 жылдың мерейтойына арнап режиссер Қалила Омаров түсірген болатын. Осы жылдың 10 желтоқсанында Алматы қаласындағы 28-панфиловшылар саябағында соғыс қаһарманы әрі жазушы Бауыржан Момышұлына арналған ескерткіш салтанатты түрде ашылды. Жалпы биіктігі 6 метр болатын батырдың мүсіні қоладан, ал ескерткіштің қалған бөлігі граниттен құйылған.
2010 жылы Қазақстан бойынша батырдың 100-жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар өтіп, оның 30 томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Қазақстанда батыр атына Алматы, Атырау, Тараз, Семей қалалары және Жамбыл облысында көше берілген. Мұнымен қатар, №45 қазақ классикалық гимназиясына Бауыржан Момышұлының есімі беріліп, мектеп алдына батырдың бюсті қойылды.
Осы күнге дейін Бауыржан Момышұлына арнап бірнеше фильм түсіріліп, кітаптар жазылды. 1967 жылы режиссер Мәжит Бегалиннің фильмінде "Артымызда Мәскеу" фильмінде батырдың рөлін Кәукен Кенжатаев сомдады. 2013 жылы режиссер Ақан Сатаев "Бауыржан Момышұлы" атты телехикая түсірді. Бақытжан Момышұлының "Восхождение к отцу", "Во имя отца" және "Сыновья великого волка" атты кітаптары мен Зейнеп Ахметованың "Шуақты күндер" туындысы Бауыржан Момышұлына арналады.
Даңқты қолбасшы сарбаздардың елі үшін шыбын жанын қиятын ерлігін ерекше бағалай білген. Оның қатардағы жауынгерлер жайында айтқан нақылға бергісіз сөздері халықтың есінде мәңгіге қалмақ.
Бауыржан Момышұлы 1982 жылы 10 маусымда Алматы қаласында қайтыс болды.
Бауыржан Момышұлының нақыл сөздері:
Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындықтың белгісі.
Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет еткін!
Отан үшін отқа түс – күймейсің.
Опасызда Отан жоқ.
Елсіз ер болмайды, жұртсыз жігіт болмайды.
Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық!
Ерлік – табиғат сыйы емес, саналы әскери тәрбиенің жемісі, Отан алдындағы қасиетті парызыңды орындау үшін адамзаттың ең асыл сезімімен жігерленіп, өзіңді саналы түрде қауіп-қатерге бас тігуге мәжбүр етудің нәтижесі.
Адамды бұзатын не? Тағы да сол – атақ, ақша, арақ. Осы үшеуі. Төртіншісі әйел демеймін. Алғашқы үшеуінің буына бөртіп, әйелдерді біз – еркектер бұзамыз.
Қырағының өзі де, көзі де батыр.
Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмылып қызмет ет.
Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп қызмет ет.
Қорқақ қаққа шөгіп өледі.
Өмір үшін өлгенше күрес.
Батылдық – есеппен қимылдауды тәуекелмен ұштастыру. Тәуекел есеппен ақталады.
Бақаның бағынан сұңқардың соры артық.
Батырлық – табиғат сыйы емес, бұл патриоттық борышыңды орындау үшін өзіңді-өзің қауіпке қарсы саналы түрде зорлап көндірудің нәтижесі. Мұндайда адам өз достарымен тек игілікті ғана емес, сонымен бірге қатерді де бөлісе отырып, жауды жою арқылы өзін және отандастарын қауіпсіздендіруге тырысады. Өзінің азаматтық ары мен намысын ездіктен, масқаралықтан қорғайды, өз бойындағы осындай асыл қасиеттерін ашып көрсете түседі.