Ата-аналар жиналысы

Ақпарат
«Өнер колледжі – музыкалық-эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат» кешені» КММ «Нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында өткен ата-аналар жиналысы туралы

20 сәуірде 2019 жылы мекеме аралық бағдарлама шеңберінде және есірткі бизнесіне қарсы «Нашақорлықтың алдын алу» атты тақырыпта ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында әлеуметтік сауалнама өткізіліп, ата – аналар «Нашақорлық» тақырыбында анонимді сауалнамаға жауап берді.

Ата-аналар жиналысы барысында «Жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында презентация өткізілді. Бұл сауалнамада нашақорлықтың маңызды мәселелері қаралды:

- нашақорлықтың фазалары;

- есірткінің кең тараған түрлері (токсикомания, алкоголизм, шылым шегу – никотин, гашишты пайдалану, кендір майды қолдану, опиаттарды пайдалану (героин, морфин), коки өнімдерін (кокаин), жасанды препараттарды қолдану – ЛСД, экстази).

Ата-аналармен есірткіге тәуелді болатын кейбір себептерін талқыладық. Ол – психологиялық, әлеуметтік және т.б. себептер болуы мүмкін. Ерекше токсикоманияға көңіл бөлінді, себебі бұл түрмен кез келген жасөспірім өзінің әуестігін қанағаттандыру мақсатында шұғылдануы мүмкін. Сондай – ақ, көптің арасынан көзге түсіп қалмай және өзін осы бағытта қанағаттандыру үшін жеңіл дүкеннен тұрмыстық химия өнімін сатып алып та көруге болады.

Сонымен қатар, есірткінің адам баласына бірнеше сатыда әр белгілер арқылы көрінуін талқыладық. Мысалы, көтеріңкі көңілдің болуы, жағымды босаңдықтың сезiмiне түсе бастау, бейқамдықтың сезiмi болады, көңілденгісі, күлкісі келеді. Улы заттардың әсері бірнеше сағатқа созылады. Улы заттардың әсерінен кейін дел-салдық, басыңқылық, шаршағандық белгілері пайда болады.

Кез келген химиялық улы заттарды пайдаланудың соңы адам ағзасының жұмысын бұзып, бірнеше жылдан кейін мида қайтымсыз процестер басталады да, аяғы деменцияға әкеліп соғады.

Ата-аналарға мектепте өткізілетін нашақорлықтың алдын алу жұмыстары көрсетілді:

Қазақстан Республикасының «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы денсаулықты дамыту шеңберінде 8-9 сынып оқушылары арасында СӨС орталығының өкілі К.М.Кусаиновамен «Темекі тартудың алдын алу» тақырыбында кездесу өтті.

СҚО ІІБ нашақорлықпен күрес басшылығының опер уәкілі полиция подполковнигі Ж.Б.Байгазина, 8-9 сынып оқушыларымен «Нашақорлық – проблема? Жоқ – бұл қайғы!» деген тақырыпта «Спайстарды қолданудың зардабы» атты тақырыпта ІІБ ақпарат қызметкерлерінің қатысуымен бейнефильм көрсетілуімен кездесу өткізілді.

СӨС құру орталығының өкілі К.М.Кусаиновамен 7-9сынып оқушыларымен «АҚТ/ЖҚТБ алдын алу» тақырыбында кездесу өткізілді.

24 қаңтарда 2019 жылы Арнайы әкімшілік сотының өкілі А.Ю.Қоспанова 8-9сынып оқушыларымен «Жасөспірімдер арасындағы тәртіп бұзушылықтың алдын алу» атты тақырыпта кездесу өткізілді.

15.04.2019 жылы ОЦСПИД өкілі Мухаметова Н.И. «Есірткі және АҚТ– бір тізбекте» атты тақырыпта кездесу өтті.

Нашақорлықтың алдын алудың маңызды сәті болып, ата-аналардың келтіретін өмірдегі үлгісі. Нашақорлықтың алдын алу тек ашық түрде отбасында бір – біріне сенімді болған жағдайда ғана мүмкін болады. Бүгінгі жасөспірім ата-анасынан да, достарына көбірек сенімді болады. Себебі достары сөз қылмайды, жазаламайды, серуендерден қалдырмайды. Мұндай тәрбие бүгінгі таңда нәтижесіз болады деп айтуға болады, себебі бала отбасынан ешқандай көмек ала алмайды, керісінше көмек сұрауға қорқады. Аталмыш тактика жамандыққа баулитын қызығушылықтардан қорғай алмайды. Сондықтан, нашақорлықтың алдын алу үшін баланы сыйлаудан, яғни баламен ашық араласу нәтижесінде отбасында сенімділік тудырудан бастау керек. Сонда ғана, нашақорлықтың алу өз нәтижесін береді.

Жоғарыда айтылған нәтижелерге байланысты ата-аналарға зиянды заттарды қолданбау мақсатында ақыл-кеңес берілді.

Әлеуметтік-психологиялық қызмет



Текст
Виртуальная приемная