Облыстық конкурс

Протокол

Конкурс ережесі

Кез келген мемлекеттің басты байлығы - тәуелсіздік. Қазақстан үшін 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары халықтың егемендікке, өзін-өзі анықтауға ұмтылысының бастамасы болды. 1991 жылы 16 желтоқсан «ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданды. Биыл біз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтеміз.

2021 жыл музыканттар үшін де айтулы жыл болды, өйткені кәсіби қазақ музыкасының дамуына өлшеусіз үлес қосқан белгілі домбырашы, композитор Дина Нұрпейісованың туғанына 160 жыл толды. «Ермек Серкебаев атындағы «Өнер колледжі – өнердегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат» кешені» КММ базасында осы атаулы даталарға орай қала және облыс мектептері арасында облыстық байқау өтті.

Байқау қашықтық форматта өткеніне қарамастан, онда біздің облысымыздың балалар музыкалық мектептерінің, өнер мектептерінің, жалпы білім беретін мектептердің 50-ден астам оқушылары қатысты.

Домбырашылар Динаның "Тойбастар" күйін және басқа да шығармаларды орындады, ал жас суретшілер мен теоретиктер «Менің елім – менің Қазақстаным», «Музыканың сиқырлы күші», «Дина Нұрпейісованың музыкалық әлемі» тақырыптары бойынша өз жұмыстарын ұсынды.

Байқауда Ақжар ауданының «Серпер» өнер мектебі, Тайынша ауданының және Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның өнер мектептері, сондай-ақ Сафуан Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның оқушылары белсенді қатысты.

14 желтоқсанда байқаудың жабылуы болды. Ол онлайн режимінде «ZOOM» платформада өтті. Жиналғандар алдында директор Кашенева Роза Абуталиповна, байқаудың қазылар алқасының мүшелері Гафуров Кайырлы Кабылбекович, Джаманчалова Евгения Дмитриевна, шығармашылық ұжымдар сөз сөйледі. Содан кейін байқау нәтижелері жарияланды. Қазылар алқасының шешімімен «Домбыра» номинациясы бойынша Шергалиева Жансая Бас жүлдені жеңіп алды, Төлеген Жалғас пен Талғатова Жазира, Нұрмахан Аякөз, Қалықов Әділхан және Қабылбекова Аяжан бірінші орындарға ие болды. «Сурет» номинациясында Мотовилова Арина, Ибраева Карина және Асылбек Данара бірінші орын алды. «Эссе» номинациясында қазылар алқасы бірінші орындарды Тұрар Мөлдір мен Харченко Миланға берді. 30-ға жуық қатысушы екінші және үшінші орындарды иеленсе, қалғандары байқауға қатысушылардың сертификаттарын алды. Барлық педагогтар оқушыларды байқауға дайындағаны үшін алғыс хаттар алды.

Бұл байқау біздің облыстың дарынды балаларын дамытуға жаңа серпін беріп, оларды үлкен нәтижелерге шабыттандырады дегенге сенімдеміз. Ал кәсіби оқуды жалғастырғысы келетіндерді біз облысымыздың өнер саласындағы жалғыз кәсіби оқу орнының қабырғасында күтеміз.



Текст
Виртуальная приемная