Нұсқаулықтар


Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі


«Smart Nation» арқылы «Өтінішті» ресімдеу және жіберу бойынша келесі мемлекеттік қызметтерді алу үшін студенттерге арналған нұсқаулық:

  1. ТжКБ аяқтамаған адамдарға анықтама беру;
  2. ТжКБ туралы құжаттардың телнұсқаларын беру;
  3. Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау;
  4. ТжКБ ұйымдарына құжаттарды қабылдау;
  5. ТжКБ ұйымдарында білім алушыларға жатақхана беру;
  6. Аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау;
  7. ТжКБ-да білім алушыларға академиялық демалыстар беру;
  8. Азаматтардың жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну.

Менің өтінімдерім Мемлекеттік қызметке (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) өтінім беру үшін Тіркеліңіз/Авторизациядан өтіңіз және мәзірдегі «Менің өтінімдерім» бөліміне өтіңіз. «Мемлекеттік қызметті алу» батырмасын басыңыз. Пайда болған терезеде қажетті мемлекеттік қызметті таңдаңыз.

Қызметке онлайн тапсырыс беру Мемлекеттік қызметті таңдағаннан кейін ашылған бетте қызметті алу процесімен таныса аласыз. Төмен түсіріп, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз.

Жеке деректерді тексеру Жеке деректерді растаңыз:

  • ЖСН;
  • Аты-жөні;
  • Туған күні;
  • Жынысы;
  • Байланыс телефоны. Құжаттарды жүктеу үшін «Келесі» түймесін басыңыз.

Құжаттарды жүктеу Құжаттарды тіркеу үшін «Қосу» түймесін басыңыз. Ашылған терезеде:

  1. Құрылғыдан файл қосыңыз;
  2. Жүктелген файлды таңдаңыз;
  3. «Сақтау» түймесін басыңыз. Қалған қажетті құжаттарды қосып, «Өтінімді жіберу» батырмасын басыңыз.

Құжаттарды тексеру Сіздің өтініміңіздің құжаттарын жүктегеннен кейін ТжКБ ұйымының әкімшісіне тексеруге жіберіледі. Құжаттарды тексеруден өткенін күтіңіз. Құжаттарды тексергеннен кейін Сіздің жеке кабинетіңізге хабарлама келеді.

Өтінім пысықталуда Құжаттар топтамасы дұрыс болмаған/толық ұсынылмаған жағдайда, ТжКБ ұйымының әкімшісі себебін көрсете отырып, Сіздің өтініміңізді пысықтауға жібереді. «Менің өтініштерім» бөліміндегі қатені түзету үшін «Өту» түймесін басыңыз. Жарамды файлды жүктеп, өтініш жіберіңіз.

Нәтиже Өтінімді растағаннан кейін сізге хабарлама келеді және сіз қолхатты жүктей аласыз.

Бас тарту Өтінім қабылданбаған жағдайда, Сізге бас тарту себебі көрсетілген бас тарту туралы хабарлама келеді.




Текст
Виртуальная приемная