Сынып сағаты


10.11.2020. Қазақстан университеттеріне виртуалды саяхат: Нұрсұлтан қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университеті, Алматыдағы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы 7 «А» сынып оқушылары үшін қызықты әрі танымды болды.

Балалар өнер мен шығармашылық әлеміне еніп, университеттердің бірегейлігі мен бай тарихымен танысты. Мұнда жоғары музыкалық және көркемдік білім алғандарды үшін орасан зор болашағы ашылатынына көз жетіп, оқушыларымыздың мамандықты дұрыс таңдағаны туралы пікірді одан әрі күшейтті.


Экологиялық сағат

7А сыныбындағы экологиялық сағат барысында оқушылар Жер планетамыздағы экологиялық жағдайымен танысты. Табиғаттың сұлулығы, оның адам өміріндегі маңызы туралы көрнекті адамдардың мәлімдемелері, «Жас эколог» ойыны ғаламшарымыздың қаншалықты ерекше екенін түсінуге және сезінуге көмектесті. Оның өміріне біз, адамдар, жауаптымыз.

Келесі экологиялық сағатты Солтүстік Қазақстанның экологиялық жағдайына арнауды шештік.


«Мейірімділікке әлемде орын бар»

Мейірімділік - бұл әр түрлі қабылданатын және оны әр адам әр түрлі түсінетін қасиет. Қазіргі заманда негативтің болғаны соншалық, адамдардың көбі ізгілік, сыпайылық және көмек сияқты қарапайым шындықтарды ұмытып кетті. Сондықтан мен бесінші сынып оқушыларымен осы тақырыпта тәрбие сағатында сөйлескенді жөн көрдім.

Мейірімділікке, тектілікке және жанқиярлыққа деген сенім сезімі қаншалықты қажет екенін сезіну, мәдениеттілік, ынтымақтастық, қарым-қатынас дағдыларын дамыту үшін мен оқушыларға өзара көмек көрсету, мейірімділік, ізгілік қарым-қатынас, сезімталдық, жанашырлық сезімдерін қалыптастыру мақсатында «Мейірімділікке әлемде орын бар» атты ашық тәрбие сағатын өткізуін ұсындым. Оқушылар қуана-қуана сынып сағатқа дайындалуға ат салысты, іс-шара жоғары деңгейде өту үшін өз ойларын қосты, көмек жасады.

Ұлы адамдардың - қазақ ақыны, философ, ағартушы Абай Құнанбаевтың, ежелгі грек философы Сократтың, орыс жазушысы Максим Горькийдің қанатты сөздері біздің іс-шарамызға жоғары адамгершілік сипат берді.

Тәрбие сағатының сценарийін өзім, сынып жетекшісі ретінде, жасадым: жұмыс қызықты болды, көптеген өмірлік жағдайлармен, мәселен, «Мейірімділік туралы» бейнетаспа көрсету, «Қапайым әже» атты балалар ойнаған көрінісі, «Сыйлық» ертегісі, сондай-ақ, оқушылардың белсене қатысулары, сұрақтарға жауап берулері, жақсылық пен зұлымдық, тектілік пен надандық, әділеттілік пен қатыгездік туралы мақал-мәтелдерді үлкен қуанышпен сұрыптаулары өте керемет көрініс берді.

Мен балаларды қызықтыра алғаныма өте риза болдым: олар сахнаны дайындауға қатысты, өлең оқыды, аспаптарда музыкалық фрагменттерді орындады, менімен бірге «Жақсылық жолымен» әнін шырқады. Айтпақшы, мен осы әнді өзім бала кезімнен жақсы көремін және балаларға жаттауды ұсындым.

Менің ойымша, балалар сабақтан көптеген пайдалы және тағылымды ойлар алды. Олардың айтқан жылы сөздері өмірдің бастауы ретінде өздерімен бірге жүреді. Данышпан: «Ең жоғарғы даналық - жақсылық пен жамандықты ажырату», - деп бекер айтпаған.

"

"

5 «б» сыныбының жетекшісі Мухамедгалиева Роза Жумашовна 30.01.2020 ж.




Текст
Виртуальная приемная