Демеушілік мектеппен жұмыс

Қазақстан Республикасының білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 — 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қалалық және ауылдық мектептер, өңірлер, оқу орындары, білім алушылар арасындағы білім беру сапасындағы алшақтықты қысқарту болып табылатын, білім беруді дамытудың түрлі өзекті мәселелері қарастырылады. Бағдарламада педагогикалық қолдау, оқу-әдістеменің мазмұны мен табысты тәжірибені тарату мәселелері жағынан басқа мектептерге мықты мектептердің бейіні бойынша "қамқорлығы" мәселесін жетілдіру туралы айтылады.

Солтүстік - Қазақстан облысында осы мәселе «Көмек Times» тәлімгерлік идея жобасы арқылы жүзеге асырылуда. «Ермек Серкебаев атындағы «Өнер колледжі – өнердегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат» кешені» мекемесі де осы жобаға қатысуда. Қамқорлыққа алынған Қызылжар ауданының «Мерей» өнер мектебімен екі жақты келісілген жұмыс жоспары құрастырылған. Жоспарда мастер-класс, семинарлар және тренингтер өткізу көзделген.

Ағымдағы жылдың 11 наурызында кешеннің жетекші педагогтары қамқорлыққа алынған мектепте жоба аясында шеберлік – сынып өткізді. Асхат Айткенұлы Таушев вокал бөлімінің ұстаздары және оқушыларымен табысты вокалистің құпиясымен бөлісті. Фортепиано мамандығы бөлімінің меңгерушісі Команок Юлия Васильевна фортепиано бөлімінің оқытушыларына әдістемелік көмек көрсетті. Қазақ халық аспаптары бөлімінің домбыра сыныбында Галеев Асхат Ертайұлы шеберлік - сынып өткізді.

Шеберлік - сыныптар өте жемісті, жылы қарым-қатынас жағдайында өтті және қатысушылардың оң пікірлеріне ие болды.

«Ермек Серкебаев атындағы «Өнер колледжі – өнердегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат» кешені» бейін жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Алтын Серікқызы Хамзина



Текст
Виртуальная приемная