Клуб жұмысы






Тәрбиеші А. А. Устюжинаның "Шығармашылық шеберхана" клубының жұмысы.

Мақсаты:

- Шығармашыл белсенді тұлғаны тәрбиелеу

- Театр өнері арқылы балалардың біліктері мен дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, жаңа қабілеттері мен таланттарын ашу.

- Практикалық жұмысқа тарту арқылы тәрбиенушілердің бос уақытын ұйымдастыру.

Міндеттері: оқушылардың көркемдік-эстетикалық талғамын дамыту. Шығармашылыққа деген қызығушылық пен сүйіспеншілікті дамыту. Қызығушылыққа және қиялға баулу және ынталандыру. Еңбекқорлықты, табандылықты, дамыту. Балаларды одан әрі өз білімін жетілдіру және өзін-өзі жетілдіруге ынталандыру. Шығармашылық қызметте құрдастарымен қарым-қатынас жасау қабілетін дамыту. Шығармашылық арқылы өзін-өзі дамыту ұмтылысын жүзеге асыру.

Іске асыру формалары: конкурстар, көрмелер, концерттер, шығармашылық сабақтар, театр қойылымдары, викториналар, театрларға, мұражайларға, көрмелерге бару.


2007 жылдан бастап мектеп-интернатта «Өлкетанушы» - «Краевед» атты клуб жұмыс істейді. Клуб сабақтарында оқушылар облысымыздың тарихи өткені мен бүгінімен танысады.

Клуб жұмысы бірнеше бағытта жүзеге асырылады:

- азаматтық және патриоттық тәрбие;

- адамгершілікке тәрбиелеу;

- көркемдік-эстетикалық тәрбие.

Клуб сабақтары гуманизмге, Солтүстік Қазақстанда өмір сүріп жатқан халықтардың тарихына, дәстүрлері мен тілдеріне деген сүйіспеншілік пен құрметке негізделген ұлттық бірегейлікті, ұлтаралық қатынастар мәдениетін қалыптастыруына бағытталған. Сонымен қатар клуб жұмысында көрнекті жерлестеріміздің жарқын мысалдарымен қазақстандық патриотизмді қалыптастырамыз.

Клуб жұмысы рубрикаларға бөлінген, олардың барлығының танымдық және тәрбиелік мәні зор.

«Үлкен ел - үлкен отбасы» /Қазақстан халықтарының тарихын, мәдениетін, дәстүрлері мен рәсімдерін зерттеу/.

«Ұлы Дала Елі тарихы» /аймағымыздың тарихи өткені мен бүгінін зерттеу, тарихи және қасиетті ескерткіштер мен орындарды насихаттау/.

«Біздің танымал жерлестеріміз» /қала, облыс, еліміздің тарихы мен мәдениетіне үлес қосқан адамдардың өмірбаяны мен жұмысымен таныстыру/.

«Өнер арқылы - бейбітшілік пен өзара түсіністікке» /әдеби-музыкалық қонақ бөлмесіндегі кездесулер/.

«Толеранттық планета» /ойын, сынып сағаттары - интеллектуалды бағдарламалар; құрмет, төзімділікті тәрбиелейтін кештер/.

«Мерекелер» /туған күн, ойын-сауық бағдарламалар/.

Клубтық іс-шаралардың формасы әр түрлі және мүмкіндік болғанда, интернаттан зерттелетін ортаға ауыстырылады. Экскурсияларға, викториналарға, қызықты адамдармен кездесулерге, әдеби-музыкалық кештерге, білім беру және ойын бағдарламаларына, этнографиялық мерекелерге оқушылар қызыға қатысады.




Текст
Виртуальная приемная