Басшының жетістіктері

Кашенева Рауза Әбутәліпқызы ынталы, шығармашылықпен жұмыс істейтін «Ермек Серкебаев атындағы Өнер колледжі – өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат» Кешені»КММ директоры,педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері.

Р.Ә. Кашеневаның студенттері үнемі облыстық, республикалық және халықаралық конкурстарға қатысады.

Рауза Әбутәліпқызы республикалық және халықаралық деңгейдегі конкурстардың белсенді қатысушысы. Ұлы итальяндық органист, Ватиканның радио және теледидар директоры Артуро Сакеттидің Таллин қаласындағы күмбезді соборында өнер көрсетті.

«Юниор Камер» компаниясының шақыруымен Нидерландыға гастрольге шығып, 15 жеке концерт берді. Қазыларал қасының мүшесіретінде Нидерланды, Амстердам қаласында консерваторияда өткен Белькантофестиваль – конкурсына қатысты. Осы сапарында дыбысталуұзақтығы 74 минуттық концерт жазылған диск шығарды.

2010 жылы Еуропа ректорларының халықаралық клубына қосылып, оның құрметті мүшесі болды. Бұл Оксфорд қаласында (Англия) өткен «XXI ғасыр көшбасшылары» халықаралық саммитінде орын алды. Ал 2011 жылдың желтоқсанында Рауза Әбутәліпқызы басқаратын оқу орнына European QUALITY AWARD – «Еуропалық сапа» беделді халықаралық марапаты табысталды. 2012 жылдың желтоқсан айында KPE және Еуропалық бизнес Ассамблеясының шақыруымен Вена қаласында өткен Халықаралық форумға және рождестволық Рыцарлық балға қатысты, Австрияда Вена симфониялық оркестрмен бірге өнер көрсетті. 2012 жылы Халықаралық ғылыми – өнеркәсіптік палата (Бельгия) алтын медаль мен De merito дипломын табыс етті.

2021 жылдың 17 желтоқсаны көрнекті қызметтері үшін Р.А.Кашенева орденмен және Оксфорд университетінің (Англия) құрметті профессоры атағымен марапатталды.



Текст
Виртуальная приемная