Қашықтықтан оқыту

«Өнер колледжі – музыкалық-эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат» кешені» КММ-де қашықтықтан оқытуды ұйымдастырушылық-педагогикалық сүйемелдеу бойынша әдістемелік ұсыныстар (мектеп сатысы)

Қашықтықтан оқытуда балаға қолайлы жағдайлар жасау.

Ата-аналар (балалардың заңды өкілдері):

1) жұмыс кестесімен, сабақ кестесімен, оқу жұмысын ұйымдастыру үдерісімен танысады;

2) баланың мектеп кестесі мен оқу тапсырмаларын орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;

3) мектеппен, сынып жетекшісімен, пән мұғалімдерімен, топ жетекшілерімен байланыста болады;

4) балаға қашықтықтан оқу үшін қолайлы жағдай жасайды: жұмыс орнын ұйымдастырады, баланы қолдайды, оның өз бетінше жұмыс орындауы мен бастамаларын дамытады;

5) санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз етеді, оқушылардың денсаулығы үшін қажетті жағдайлар жасайды және жұқпалы ауруларды алдын-алу бойынша шараларды ұйымдастырады;

6) егер білім беру ұйымы отбасын қажетті техника жабдықтармен қамтамасыз етсе, жабдықтардың қауіпсіздігі мен мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

7) компьютер мен интернетті қауіпсіз пайдалану бойынша ұсыныстардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 шілдедегі №169-VI «Балаларды олардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы» Заңына сәйкес ата-аналар балаларды ақпараттан қорғау үшін Интернеттегі олардың жасына сәйкес балалардың денсаулығы мен дамуына зиян келтіруі мүмкін сайттарға кіруді бақылауға міндетті.



Текст
Виртуальная приемная