Қашықтықтан оқыту


«Өнер колледжі – музыкалық-эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат» кешені» КММ жалпы білім беру және бейінді циклдарда онлайн сабақ кезіндегі оқушылардың өзін-өзі ұстау ережелері

Онлайн сабақтарға қатысу мақсаты - оқу, яғни жаңа білім алу процесі.

Сондықтан сабақтың жоғары тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында сабақта оқушының жалпы мінез-құлық мәдениетінің бөлігі болып табылатын оқушылардың мінез-құлқының негізгі ережелері жасалды.

  1. Қашықтық сабақтарда өзара қауіпсіз әрекеттесу үшін оқушылар аватарға өз суретін, ал аккаунтқа өзінің шынайы аты-жөнін қою қажет. Бұл ереже мектеп жұмыс істейтін барлық платформаларға қолданылады.
  2. Онлайн сабақ басталмас бұрын, барлық керек-жарақты дайындау керек. Онлайн сабақта да: күнделік, дәптерлер, оқулықтар және басқа оқу құралдарының болуы шарт!
  3. Сабақ басталар алдында оқушылар ұқыпты және ыңғайлы іскери киіммен жұмыс орнына отырып, микрофон мен камераның жұмысын тексереді. (Әдепсіз киімге тыйым салынады!)
  4. Ата-аналар оқушыға тиісті оқу ортасын қамтамасыз етуі керек (сабақ кезінде ешқандай шу және бейтаныс адамдар болмауы керек).
  5. Қашықтықтан оқыту кезінде оқушылар тәртіпті бұзбауы керек. Платформаға қосылып, дыбысты тексеріп, оны дереу өшіріп, мұғалім ұсынған тапсырмаларды орындай отырып, мұқият тыңдау керек. Мұғалімнің өтініші бойынша дыбысты қосып, сұраққа жауап беру керек.
  6. Сапалы сабақтың алғышарты - оқушылардың бейнекамераларын қосуы.

Сабақ кезінде тамақ ішуге немесе сағыз шайнауға тыйым салынады.

Сабақ барысында жартылай отырып, жартылай жатуға тыйым салынады.

  1. Сабаққа себепсіз кешігуге тыйым салынады. Қашықтықтан оқыту кезінде оқушыларға жұмыс орнынан себепсіз кетпеуге кеңес беріледі. Сабақтан қалған жағдайда, оқушы сынып жетекшісіне дәрігердің сабақты босатқаны туралы анықтамасын немесе ата-анасының түсініктемесін ұсынуы керек. Сабақтарды себепсіз қалдыру тәртіпті өрескел бұзушылық болып табылады.
  2. Сабақтар босатылған жағдайда (себепті/себепсіз), оқушы жіберілген сабақ материалын оқып шығу керек. Сыныптастар ауырып жатқан жолдастарын ұмытпайды, қоңырау шалады, денсаулығы жайлы біледі, үй тапсырмасына көмектеседі.
  3. Оқушылар сыныптастарының жауаптарын тыңдайды, жауап бергенде дауыстарын көтермейді, айқайламайды, сыпайы сөйлейді.
  4. Сабақтың тақырыбына қатысы жоқ тақырыптар бойынша әңгімелер жүргізуге тыйым салынады, егер жауап бергіңіз келсе, қолыңызды көтеріңіз (оң жақ төменгі бұрышта, көтерілген қолдың белгішесі бар).
  5. Үзілістер кезінде жұмыс орнын жинау, келесі сабаққа дайындалу; бөлмені желдету үшін бөлмеден шығуды ұсынамыз.
  6. Сабақ барысында техникалық ақаулар немесе интернет байланысы ажыратылған жағдайда, сынып жетекшіге хабарлап, себебін түсіндіруіңіз керек.
  7. Бөлім бойынша жиынтық бағалау жұмысын және тоқсандық қорытынды бойынша жиынтық бағалау жұмысын уақытында, яғни БЖБ және ТЖБ кестесіне сәйкес, сол күні 17.00 сағаттан кешіктірмей тапсырылуы қажет.

Оқушылардың сабақта өзін-өзі ұстау ережелерін біліп, сақтау тәртіпке және оқудың жоғары деңгейіне әкеледі, сондықтан бұл жарғыны күн сайын орындаңыз.

Оқуда сәттілік!




Текст
Виртуальная приемная